f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Мектеп ұстаздары

Мен не үйрендім?

 

Усжанова Айгүл Қуанбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Сауат ашу 1-сынып

САБАҚ: Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Мен не үйрендім?

«Өзім туралы»тақырыбы бойынша

МЕКТЕП: №5 орта мектебі

КҮНІ: 10.03.2017

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Усжанова Айгул

Куанбековна

СЫНЫП: 1 «а»

ҚАТЫСҚАНДАР

САНЫ: ____

ҚАТЫСПАҒАНДАР

САНЫ:____

ОҚУ МАҚСАТЫ:

1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру

(ұнайды/ұнамайды).

1.2.5.1. Мәтін бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған

сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,

түсініп оқу) қолдану.

1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес

қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын,

мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті) қолдану. 1.1.5.1. Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу.

С

САБАҚТЫҢ

МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар

арқылы талқылайды. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді табады.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Алдыңғы білімдер

Оқушылар әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден негізгі ойды анықтап, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы Ынтымақтас- тық атмосфе- расын қалыптас-тыру

5 минут

3 минут

(МК; Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушылардың сабақ соңында сағат тілі бойынша қасында отырған топтағы оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі бойынша кері байланыс жасайтынын ескертемін.

.

Көңілді әуен қосып қою

2 минут

Сабақтың ортасы

27 минут

5 минут

2минут

5 минут

1 минут

4 минут

Қызықты тапсырма 4мин

6 минут

(МК; Ұ) «Галереяға саяхат» стратегиясы.

Суреттермен жұмыс.

«Сандар сөйлейді» стратегиясы арқылы дыбыс туралы білімдерін пысықтау.

№1 Өлеңді мәнерлеп оқиды. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді.

Мен мектепте оқимын,

Інім болса бақшада.

Ақ мамама кім жетсін,

Әлемдегі жақсы ана.

Тыңдалған өлең бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау

№2 Сұрақтың дұрыс жауабын тауып, сөйлесіңдер.

Сұраққа жауап беру білігін бағалау

№3 Түсініп оқы..

Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.

Бағытталған оқу ретін сақтай отырып, әңгімені топта оқу.

Бағытталған оқу ретін (мәтінге кіріспе, өздігінен оқу, мәтінге қайта оралу, сұрақтарға жауап беру) сақтай отырып, әңгімені рөлге бөліп оқытамын. Оқушыларға мәтінді оқып біткеннен кейін, мәтінге қайта оралып, жаңа сөздердің мағынасын болжауды үйретемін.

(МК; Ө; Қ) Сөйлемді оқи алу білігін бағалау.

Сөздердің көмегімен оқушылардың мәтінді оқуын жүзеге асырамын.

Ой сергек!

Видеодағы әуен ырғағымен билеу.

Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата алады.

(МК; Ө; Қ) Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді қолдану білігін бағалау.

Жылы-суық, жайлы- жайсыз

(МК; Т; Қ) Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен мәтінді баяндау, дәлелдеулер жасай алу біліктілігін бағалау.

№4 Сұраққа жауап бер.

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

(МК; Т; Қ) Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білуін бағалау.

Дәптерде берілген сұрақтарды оқытып, жауап жазғызамын.

( Ө; Қ) Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтау және әріп элеметтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.

Суреттермен жұмыс

Қима қағаздар

Таныстыры- лым, оқулықпен жұмыс

Видео

Оқулық

Сюжетті суреттер

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Қорытынды бөлім

13 минут

5 минут

2 минут

1 минут

(Т; Қ) Постер жасап, қорғау, талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау.

Топтық жұмыс ұйымдастырамын. Оқушылар сыныптағы кітап бұрышын, кеңсе тауарларын пайдаланады. Әр топқа әртүрлі бағыттағы тапсырмалар ұсынамын.

– Ертегі желіс бойынша суреттерді орналастырыңдар;

– Мәтін мазмұны бойынша коллаж дайындаңдар;

– Шығарма желісі бойынша сұрақтар дайындаңдар;

– Көңілді жемістерді орналастыру арқылы сөйлем

құрастырыңдар.

Сыныпта ұйымдастырылған бұрышты қолдану.

Постер жасау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.

Топтық жұмыстарын топта жариялау.

Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ой қорытады.

http://www.balalaralemi.kz

Энциклопедия

Әңгімелер

Тақпақтар

Мақал-мәтелдер

Ертегілер

Жұмбақтар

Суреттер

 





Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру

icon  Башимова Гүлшат Мұхтарқызы Математика пәні мұғалімі Сыныбы: 9 «А» Пәні: Алгебра Мерзімі: 10.03.2017ж Сабақ тақырыбы: Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру Сабақ мақсаты: Блум таксономиясы бойынша оқушылардың логикалық ой-өрісін, о...

Қайрат Жұмағалиев "Мен соғысты жек көрем"

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылы №5 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Тогжанова Бахтыгуль Онгаровна Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні: Мектебі Сыныбы Дәрісхана № Тогжанова Бахтыгуль Онгаровна № 5 орта мектеп 4 Бас...

Құрақ құрай білу де өнер

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылы №5 орта мектебі» КММ-нің технология пәні мұғалімі Қонарбаева Рабиға Әдиқызы Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Құрақ құрай білу де өнер Мектеп: №5 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қонарбаева Рабиға Сынып: Қатысқанда...

Жүздіктерді жүздіктерге ауызша бөлу

iconТеңізбаева Гүлмира Орынбасарқызы Бастауыш сынып мұғалімі Математика 3-сынып САБАҚ: Математика Тақырыбы: Жүздіктерді жүздіктерге ауызша бөлу Мектеп: №5 орта мектеп Күні: 10.03.2017ж Мұғалімнің есімі: Тенизбаева Г СЫНЫП: 3 «А» Қатысқанда...

Ауа. Ауаның құрамы

icon  Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі» КММ-нің химия пәні мұғалімі Тугелова Асембиби Кубирбаевна Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2В Ауа. Жану реакциясы Мектеп: 5 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Тугелова Асембиби Кубирбаевна Сынып: 7...

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024
12