Жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – басты назарда!

icon Мектебімізде оқушылардың жолда жүру ережелерін меңгеруі, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жолдағы қауіпсіздік» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. 

2026-2027 оқу жылында 11-сынып оқушылары білім деңгейін саралап, ҰБТ-ға дайындықтарын пысықтау мақсатында сынақ тестілеуінен өтті. Мектебімізде 11-сынып оқушыларының Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Оқушыларымызға сәттілік және жоғары нәтиже тілейміз!  

«Тілдер әлеміне саяхат»

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектебімізде «Тілдер әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық әрі қызықты іс-шара өткізілді 

«Үш тіл – үш әлем»

icon5 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ «Үш тіл – үш әлем» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылып, 5-сынып оқушылары белсене қатысты. Белсенділік танытып, білімдері мен өнерлерін ортаға салған барша оқушыларға алғысымызды білдіреміз! 

Дарын мен еңбектің салтанаты

Облыстық байқаулар мен білім додаларында шәкірттерін жеңіске жетелеп, кәсіби шеберлігін дәлелдеген ұстаздар марапат төрінен көрінді. Бұл — ұстаз еңбегіне берілген лайықты баға, табандылық пен адал қызметтің жемісі. Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға құрмет білдіреміз! Еңбектеріңіз еленіп, жетістіктеріңіз арта берсін! 

25 мамыр – ерекше әсерге толы күн✨

Директордан, жас түлектерден, 10 және 20 жылдық түлектерден, сондай-ақ олардың сынып жетекшілерінен алынған әсерлі сұхбаттармен бөлістік. Осымен бір жыл бойы сіздермен бірге болған жаңалықтарымыз өз мәресіне жетті. Қолдау көрсетіп, бізбен бірге болған барша көрерменге алғыс! Келесі кездескенше! 

«Білімім — Отаныма»

Мектебімізде «Білімім — Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күн — түлектер үшін балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше сәт. Салтанатты кеш барысында оқушыларға жүрекжарды тілектер айтылып, ұстаздарға алғыс білдірілді. Жас түлектерге сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз! 

Алғыс айту күні

Қиын сәтте бірінші болып жететін – сіздер. Адам өмірін сақтап қалу жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз үшін мың алғыс! Сіздермен мақтанамыз! #Құрмет #Ризашылық #Қауіпсіздік 

1 Наурыз-Алғыс айту күні

Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, нағыз достықтың бастау алатын мекені. Бір-біріне тірек болып жүрген оқушыларымызға ризашылығымыз шексіз! Достықтарың нығая берсін! 

Тілдер әлеміне саяхат!

Мектебімізде ағылшын және орыс тілі пәндері бірлестігінің апталығы жоғары деңгейде өтті! Апталық аясында:  Тілдік викториналар  Сахналық көріністер  Эссе байқаулары  Постерлер мен презентациялар  Ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен шығармашылықтарын көрсетті. Тіл – ұлт пен рухтың негізі, ал бірнеше тіл білу – болашаққа ашылған үлкен мүмкіндік! ????  Барлық белсенді қатысушылар мен мұғалімдерге алғыс білдіреміз! 

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – басты назарда!

Мектебімізде оқушылардың жолда жүру ережелерін меңгеруі, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қ ...

11 қыркүйек 2026

2026-2027 оқу жылында 11-сынып оқушылары білім деңгейін саралап, ҰБТ-ға дайындықтарын пысықтау мақсатын ...

10 қыркүйек 2026
«Тілдер әлеміне саяхат»

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектебімізде «Тілдер әлеміне саяхат» тақырыб ...

07 қыркүйек 2026
«Үш тіл – үш әлем»

5 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ «Үш тіл – үш әлем» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылып, ...

06 қыркүйек 2026
Дарын мен еңбектің салтанаты

Облыстық байқаулар мен білім додаларында шәкірттерін жеңіске жетелеп, кәсіби шеберлігін дәлелде ...

01 маусым 2026