Мектептiң тарихы
Мектеп 1968 жылы сегізжылдық №21 мектеп интернаты болып жұмысын бастаған. Мектеп жанындағы интернатта 100-120 ауданның алыстағы мол ауылдарының балалары 19 жылға дейін оқыған.
Мектептің алғашқы директоры Баймбетов М. алғашқы мұғалімдері Джумағанбетов Бағдабай, Шарафутдинова Р.А., Тогжанов Байжан, Туркменбаев Төребай, Құспанов Сейфулла, Азанов Базарбай, Дәулетова Аманжан, Лакирбаев Жұмаш, Нұржанов А., Зотов Зоя, Борисович Корчевская, Евгения Дмитровна, Джузбаева Б., Чепурко А., Щербакова Г., Чурилова А.
1968 жылдың наурыз айында мектеп интернат директоры Шарафутдинов Р.А., ал 1969 жылдың қыркүйек айынан бастап 1974 жылдың тамыз айына дейін директор қызметін Капизов Нух Капизович атқарған.
Сегізжылдық мектеп 1969 жылдан бастап №9 орта мектеп болып аталды.
1973 жылдың қыркүйек айында қазіргі Қарақия, бұрынғы Ералы ауданы ашылған кезден бастап №5 орта мектеп болып аталды.
№5 орта мектепте әртүрлі кезеңдерде директор болып:
Брейм Яковь Иванович 1974-1983 ж.
Гаджимурадов Насыр Кавкаевич 1983-1985 ж.
Сырғабаев Сақып Тағанаевич 1985-1986 ж.
Құрманғазиева Сабиха Мукановна 1986-1989 ж.
Жақсылықов Ерғали 1989-1998 ж.
Семгалиев Тезекбай 1998-2000 ж.
Түркменбаева Жансұлу Сүйінбайқызы 2000-2016 ж.
2016 жылдан күні бүгінге дейін мектеп директоры қызметін жоғарғы санатты Буркитова Гулзипа атқарады.
Әлемнің Әуезові атанған академик жазушы М.Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»-деп ұлттық мүдде, ұлттық идея тамырын тереңнен тартса, поэзия пайғамбары М.Жұмабаев: «Елдің елдігін танытатын тарихы, жол жорасы, әдебиеті» деген болатын.
Қос ғұлама айларының бір арнаға келіп тоғысуы кездейсоқтық болмаса керек.
Өз ұрпағына сапалы білім, саналы тәрбие бере алған елдің ғана ертеңі жарқын, көкжиегі кең болмақ.
Осы бағыттың қазіргі таңдағы оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге мектебімізде көгалдандырылған, таза, заман талабына сай техникалық құралдармен жабдықталған сынып кабинеттерінде сабақ жүргізілуде.Екі компьютер кабинеті бар.
Ұстаздар әр сабағын интерактивті тақтамен өткізуде.
Әлемдік тәжірибиеге сүйенсек, тест тапсырмаларын меңгеру, оны игерудің түрлері тәсілдерін жетілдіріп отыру көп ізденісті қажет етеді. Сұраққа нақты әрі дұрыс жауап беру үшін тиянақтылық пен тыңғылықтылық керек. Дүдамал жауап бермес үшін түрлі еңбектер мен әдебиеттер тізімін оқушыға ұсынып, бағыт- бағдар беру ұстаз борышы.
Осындай ұстаздарымыздың еңбегінің арқасында жыл сайын мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ге қатысып, жоғары деңгейдегі ортақ балға қол жеткізуде.
ҰБТ-ге қатысып,жоғары балл жинау түлектердің жоғарғы оқу орнына грантпен,облыс әкімінің квотасына түсуге ашылған жол.
2007-2008 оқу жылының нәтижесі бойынша екі оқушы мемлекеттік грантқа, бір оқушы облыс әкімінің квотасына ие болды.
2008-2009 оқу жылының нәтижесі бойынша екі оқушы мемлекеттік грантқа, екі оқушы облыс әкімінің квотасына ие болды.
2009-2010 оқу жылының нәтижесі бойынша үш оқушы мемлекеттік грантқа, үш оқушы облыс әкімінің квотасына ие болды.
Грант иегерінің
жылдан-жылға көбеюі білім беретін ұстаздардың еңбегінің жемісі. 2010-2011 оқу
жылының І тоқсанының қорытындысы бойынша мектебіміз 34 үздік, 141 екпінді
оқушымен аяқтап 100% үлгерім,47,1% сапа көрсеткішін көрсетті.
Соңғы жаңалықтар

2023-2024 оқу жылында 25 қараша -10 желтоқсан аралығында өткізілетін «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» респуб ...
29 қараша 2023
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ "Атадан-мұра" қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімде ...
29 қараша 2023
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында 6"А" сыныбы сынып сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Б ...
28 қараша 2023
АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Б ...
22 қараша 2023
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Республикалық "Білім бағы" ғылыми, ...
21 қараша 2023Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz