f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Мектеп директоры

Мектеп директоры Буркитова Гульзипа Нурбаулыевна

 

Буркитова Гульзипа Нурбаулыевна 1966 жылы 19 қаңтарда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы, Жетібай кентінде дүниеге келді. 1973-1983 жылдар арасында Жетібай кентіндегі №8 орта мектебінде білім алды.

Білімі: жоғары

1987 жылы Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық институтының «мектепке дейінгі тәрбие» факультетінің сырттай бөліміне түсіп, 1992 жылы бітірді.

Еңбек жолдары:

1983-1985 жылдары Ақтау қаласындағы Мангышлак педагогикалық училищесінде «мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша білім алды. 1985-1992 жылдар аралығында «Огонек» балабақшасында жұмыс жасады. 1992 жылдан бастап №5 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс жасады. 2003 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі және ҰБТ бойынша техникалық хатшы қызметін атқарды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап № 5 орта мектеп директорының уақытша міндетін атқарушысы, 2017 жылдың ақпан айынан бастап № 5 мектеп директоры лауазымы қызметін атқарған.

Жетістіктері:

Осы жұмыс жасаған кездерде аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталған. 

Соңғы жаңалықтар

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша "5 жалпы білім беретін мектеп” КММ ...

24 наурыз 2023
“Әз - Наурыз”

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай “Әз - Наурыз” атты концерттік бағдарлама өтті. «Наурыз» мейрам ...

22 наурыз 2023
“Қош келдің, Әз-Наурыз”

Мектебіміздің МАДТ топтарының біріге отырып өткізген “Қош келдің, Әз-Наурыз” атты концерттік іс- ...

21 наурыз 2023
"Домбыра дастан"

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні. Осыған орай, мектебіміздің ұжымы мен оқушылары өз арнауларын жеткізді. ...

20 наурыз 2023
8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

Бақыт пен жақсылық,байлық пен сәттілік,көктемгі көңіл -күй мен шат күлкі тілейміз!, ...

08 наурыз 2023