Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.
Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Соңғы жаңалықтар

Облыстық байқаулар мен білім додаларында шәкірттерін жеңіске жетелеп, кәсіби шеберлігін дәлелде ...
01 маусым 2026
Директордан, жас түлектерден, 10 және 20 жылдық түлектерден, сондай-ақ олардың сынып жетекшілерінен ...
27 мамыр 2026
Мектебімізде «Білімім — Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл ...
26 мамыр 2026
Қиын сәтте бірінші болып жететін – сіздер. Адам өмірін сақтап қалу жолындағы жанқиярлық еңбекте ...
04 наурыз 2026
Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, нағыз достықтың бастау алатын мекені. Бір-біріне тірек бол ...
04 наурыз 2026Сілтемелер
Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz
Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz
Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz

















