f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Жеңіс күні құтты болсын!

"ЖЕЛБІРЕП КҮН КӨГІМДЕ, ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕ"

5"А" сынып оқушысы Жауынбай Ғазизаның Жеңіс күніне арналған жүрек жарды тілегін, құттықтауын қабыл алыңыздар!





«Кітапханаға кітап сыйла»

iconҚұрметті оқырман! Еліміздің болашағын баянды етіп сақтаудың кілті – рухани жаңғыруда екені анық. Кітапты жанымызға серік ету арқылы осы көздеген межемізге адаспай тауып жете аламыз. Ендеше, кітапхана ісін қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі болып табылатындығын ескере отырып, Мектеп кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының басталғанан хабарлайды.  

"Өмірге "Иә" деп айт!"

icon"Өмірге "Иә" деп айт!" атты психологиялық апталықтан ұстаздардың, ата-аналардың, оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуі. 

"Жетекшім – жан серігім, ата-анам – бақ тірегім"

icon

“Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!”

icon09.02.2023ж куні “Өмірге “Иә” деп айт!” психологиялық апталығы аясында “Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!” атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану және ата-ана, сынып жетекші, оқушы арасындағы байланысты нығайту. Өткізген: психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д. 

"Қауымдастық, сабақтастық – ынтымақтастық кепілі"

icon⚜ Жолдастық кездесу ⚜Бұл күнді біз асыға күттік! Сағат 15:30-да Аманчаева Ләззат Мұхамбетқалиқызының ұйымдастыруымен №5 ЖББМ және №7 ЖББМ мектептерінің МИФ пән бірлестігінің ұстаздары арасында "Қауымдастық, сабақтастық – ынтымақтастық кепілі" атты жолдастық кездесу болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: іс-әрекеттер негізінде тәжірибемен алмасу, табысқа қолдау көрсету, оқытуда ынтымақтасу. Ал міндеті: ұжым мүшелерінің және өзіміздің кәсіби деңгейімізді арттыру, жаңа педагогикалық бастамалар жасау. Іс-шараның қорытындысы бойынша екі мектеп ұстаздары арасында ерекше ынтымақтастық қалыптасқандығын көруге болады. 

"Робо-сумо" сайысы

icon⚜ Сергіту сәті ⚜Бүгін 08.02.2023 күні 15 минуттық ұзақ қоңырау кезінде 5-11 сынып оқушылары арасында "Робо-сумо" сайысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мектеп оқушыларының көңілін Робототехника үйірмесіне деген қызығушылығын арттыру. Робот құрастырып, олардың ойлау қабілетін дамытуға бағыттау. Сонымен қатар жаңашылдыққа баулу болып табылады.Жауапты: Байдәулетов Сүлеймен Мұратұлы 

“Жүрек жақсылыққа ашылады”

icon08.02.2023ж “Өмірге “Иә” деп айт!” онкундігі аясында 7-8сынып оқушыларына “Жүрек жақсылыққа ашылады” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларды өмірдің мәнін түсінуге, жақсылық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу. Өткізген: психологтар Ербосын Б.Д, Абуова А.А. 

“Үкілі домбыра”

icon Домбыра дастан жобасы бойынша “Үкілі домбыра” үйірмесі мектептік шараларға үлкен үлес қосуда #домбырадастан 

“Өмірге “Иә” деп айт!”

icon07.02.2023ж күні “Өмірге “Иә” деп айт!” психологиялық апталығының жоспарына сәйкес оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға тақырыптық ақпараттық бұрыштар жасақталып, пікір алмасты. Өткізген: психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д. 

“Өмірге “Иә” деп айт!”

iconАқпан айының 06.02-10.02.2023ж аралығында “Өмірге “Иә” деп айт!” тақырыбында психологиялық апталық өткізіледі. Апталықтың мақсаты: оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету. Бүгін, яғни 06.02.2023ж куні апталығымздың жоспары бекітіліп, ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатын “Бір-бірімізге жақсы көңул-күй сыйлайық!” акциясымен бастадық. Өткізген: психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д. 

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024