f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Хабарландыру!

Маңғыстау облысының білім басқармасының

  Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«№5 жылпы білім беретін мектеп» КММ-сіне

2022-2023 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданатын балалардың

ата-аналары мен заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі .

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • 026/у-3 нысаны бойыншы денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы  құжат;
  • Баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;

Ескерту:  Құрметті ата-аналар құжаттарды жинақтап,

egov.kz  «Электрондық үкімет» порталы арқылы тіркелу керектігін ескертеміз.

Мектеп әкімшілігі





“Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым”

Мектеп кітапханасында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым” тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмемен танысуға мектебіміздің 5-сынып оқушылары келіп қатысты. Кітап көрмесімен танысқан оқырмандар Тәуелсіздік тақырыбында қазақ ақындарының өлеңін мәнерлеп оқыды. #тәуелсіздіктұғырым 

Қыздар жиналысы

icon14.12.2022ж күні 5-7 сынып қыздарына мектеп басшысы, ДІТЖО, психологтардың қатысуымен психологиялық жиын өткізілді. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. 

"Зерде"

icon 8-желтоқсан, 2022 жылы өткізілген 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Нәтижесінде оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын Теңелбай Ақбөбек 7 “Ә” сынып оқушысы. Тақырыбы: "Qr-код"- жаңа заман талабы. Жетекшісі Ербосын Бибігүл. І-орын Айдосұлы Айдын 7 “ А” сынып оқушысы. Тақырыбы: "Садақтан оқ ату жауынгерліктің белгісі" Жетекшісі: Аманчаева Лаззат ІІІ орын Асқарбекқызы Аяулым және Жолдыбай Мұхаммед 5 “Б” сынып оқушылары. Тақырыбы: "Ақын- елдің ардағы" Жетекшісі: Теңізбаева Гүлмира. ІІ орын Панабай Қайсар, Оңғар Аяна 5 “А” сынып оқушылары. Тақырыбы: "Значение слова вежливость» в наше время? Жетекшісі: Умарбаева Гюльнара. ІІ орын Абат Айзере, Жолдыбай Дария 7 “А” сынып оқушылары. Тақырыбы: “А.Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонетика саласындағы жаңа бағыттар” Жетекшісі: Күлханова Жұпар. 

«Маңғыстаунама - 2022»

icon Ақын Светқали Нұржанның шығармашылығына арналған «Маңғыстаунама - 2022» облыстық танымдық байкауының «Көкірегім-көне кітап» сөздiк номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Чаштауова Ақмарал. Жетекшісі: Күлханова Жұпар “Ақынға хат” эссе номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген Тлеп Дильнара. Жетекшісі: Күлханова Жұпар Жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз 

“Тарихыңды білесің бе?”

“Тарихыңды білесің бе?” жобасы аясында мектебіміздің “Өзін-өзі басқару”, “Мұрагер”, “Қыз-Жібек” ұйымдарының ұйымдастыруымен 6-11 сынып ұл балаларына “Бір уыс бидай” қысқаметражды фильмі көрсетіліп, фильмге байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтарға жоғарғы деңгейде жауап берді. #тарихыңдыбіл #балаларжылы2022 #тарихыңдытаны 

"Жандану әлемі"

"Жандану әлемі" жеке қоры экологиялық мәдениетті қалыптастыру және білім беру мен тәрбиелеу жүйесiн дамыту жөнiндегi "Quat Ormany" әлеуметтік жобасын іске асыруда. Осы жоба аясында "Су-тiрi организмдердiн тiршiлiк кезi", "Топырақты қалай қалпына келтiру керек", "Ауаның қоршаған ортаға әсері", "Альтернативті энергия көздерi", "Қоқыс-табиғаттың басты жауы", "Планетаның ресурстары" сияқты тақырыптарды ашатын бiлiм беру - тәрбие ресурсын әзiрледi. Ол ресурстың құрамы қазақ және орыс тiлдерiнде сыныптарға арналған "Өмір ағашы" 1-6 мультипликациялық фильмдерiнен тұрады. Осыған орай Маңғыстау облысынын бiлiм беру ұйымдарын "Quat Ormany" жобасының серіктесi болуға және 2022 жылдың соңына дейiн бiлiм беру ұйымдары үшiн кез келген қолайлы уақытта осы ресурсты пайдалана отырып, мұғалімдердің экологиялық сағаттарды өткiзді. #QuatOrmany #балаларжылы2022 

«Мерген»

iconҚазақтың бай тілінде «Мерген» дейтін сөз, яғни, атау бар. Ерте кезде садақ ату мен мергендік өнер бір сөзбен айтқанда, ұлыстың бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан да, көшпенді халқымыз ер баланы жастайынан садақ атуға баулып, елін қорғауға тәрбиелеген. Өйткені, садақ ату жауынгерлік өнер. Мен осы өнерді жастайымнан ата-әжемнің ертегілернен тыңдап өстім. Садақ атып, ат құлағында ойнау – бала кездегі арманым болатын. Ал енді сол арманыма алғашқы қадамым ауылымдағы садақ ату үйірмесінен басталды. Садақты қолға алып, нысананы көздегенде ерекше сезімде боласың. Бойымда мақсатқа жетудегі табандылық қасиетім оянып, батылдыққа бастағандай болды. Қызығушылығым арта түсіп, осы ұлттық спорт түрін зерттеуді жөн көрдім. Біз білмейтін садақтың сырларын ашып келемін. Өзім сияқты өскелең ұрпақты ұлттық өнердің дамуына үлес қосуға шақырамын. 7 “А” сынып оқушысы Айдосұлы Айдын 

«Педагогикалық кеңес»

25.11.2022ж күні мектебімізде Педагогикалық әдеп кеңесінің жоспарынан тыс «Педагогикалық кеңес» өтті. Кеңесте: Педагогикалық әдеп Педагогикалық шеберлік Педагогикалық техника Туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар мұғалім шеберлігін анықтайтын белгілер айтылды: Сыртқы келбет мәдениеті Өзін-өзі басқару шеберлігі Мимика және понтомимика ишараларының мәнерлі негіздері Сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, интонациясы.  

Пара беру-бұл қылмыс”

iconҚараша айының бірінші аптасында мектеп оқушыларына “Пара беру-бұл қылмыс” тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.Мақсаты:1. “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.2. Оқушыларға парақорлыққа жол бермеу жөнінде тусініктерін кеңейту.3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. 

“Маңғыстаунама-2022”

icon“Маңғыстаунама-2022” облыстық танымдық байқауының аудандық кезеңі бойынша “Ақынға хат” эссе номинациясында 10 А сынып оқушысы Тлеп Дильнара1- орын,“Көкірегім - көне кітап” сөздік номинациясында 10 А сынып Чаштауова Ақмарал1-орын иеленді, жетекішісі Кулханова Жұпар Төремуратқызы!“Ей, менің жұмақ мекенім!” зерттеу номинациясында10 А сынып оқушысы Теңелбай Мәншүк 2- орын иеленді, жетекшісі Кадырова Шолпан Мұратбекқызы!Шәкірттеріміздің шығармашылығы шыңдалып, ұстаздарымыздың мәртебесі арта берсін! Құттықтаймыз! 

Соңғы жаңалықтар

"Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім"

МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНА +1 ЖЕТІСТІК Республикалық "Мағжан оқулары" байқауының облыстық кезеңінің "Өлең - ...

28 сәуір 2024
"Экотеатр"

ЖЕТІСТІК "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілердің облыстық фору ...

26 сәуір 2024
"Мағжан оқулары"

ЖЕТІСТІК Республикалық "Мағжан оқулары" байқауының аудандық кезеңінің "Өлең - менің Шолпаным, Айы ...

24 сәуір 2024
"Гүлдене бер, Қазақстан!"

ЖЕТІСТІКТЕР "Гүлдене бер, Қазақстан!" атты туристік-өлкетану экологиялық зерттеу жұмыстарының ре ...

16 сәуір 2024
⚜️ЖЕТІСТІКТЕР⚜️

Шахматтан 2-4 сынып оқушы ұлдар арасындағы облыстық олимпиадасында ІІІ орын иеленген Жақсылық Мас ...

02 сәуір 2024