f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау





Мектепішілік пәндік олимпиада

icon Мектепішілік пәндік олимпиада «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн - бүгінгі мектепішілік пәндік олимпиадасы. 03.11.2022ж күні өткізіліп отырған мектепішілік пәндік олимпиада кезең-кезеңімен өтуде. Кезекшілер олимпиада қатысушыларын мұқият бақылауда. ~ Сәттілік серіктеріңіз болсын! #5мектеп #олимпиада2022 #сәттілік_серігіміз_болсын 

"Қазақ сөз өнерінің наркескені атты" кітап көрмесі

iconШерхан Мұртазаның 90 жыл толуына орай, кітапханамызда "Қазақ сөз өнерінің наркескені атты" кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандардар көрмеден "Бір кем дүние", "Қара маржан", "Ай мен Айша", "Соғыстың соңғы жесірі" және т.б. томдық кітаптарымен таныса алады. 

"Патриотизм дауысы"

icon Республика күні құтты болсын! Қазақстан Республикасы күні қарсаңында "Патриотизм дауысы" Мемлекеттік Гимнін жаппай орындау. #Мангыстау #Республикакүні #Балаларжылы2022 #Балаларжылы2022 #өзін_өзібасқару #мектеп_үкіметі #студенттер_парламенті #студенттерпарламенті #rumcdo_official 

“Мен және менің отаным”

icon Республика күніне орай 11 сынып оқушыларының “Мен және менің Отаным” челленджі. Челлендж мақсаты білім алушылардың және өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық пен отан сүйгіштік қасиетін оятып, елін сүюді, еліміздің заңдары мен рәміздерін қастерлей білуді жас ұрпақтың бойына дарыту. Жетекшісі: Бегімбетов Қ.М #республикакүні #менжәнеменіңотаным 

Олимпиада

icon20.10.2022ж күні дарынды оқушыларды анықтап, оларды қолдау және де қолданбалы лингвистиканы терең оқыту мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиадаға 39 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша жулделі орынға ие болған мектебіміздің оқушыларs: I орын Жұмабек Перизат 10 «А» сынып оқушысы III орын Союн Фариза 9 «Ә» сынып оқушысы 

«Көңілді старт»

icon20.10.2022 жыл күні «№5 ЖББМ» КММ-де 25 қазан Республика күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, 3-4 сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» жарысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Жауапты: Дене шынықтыру пәні мұғалімдері  #балаларжылы2022 #республикакүні 

«Қазақстан – туған жерім, туған елім!»

icon 20.10.2022ж күні мектебімізде пікірсайыс жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында 6-7 және 8-10 сынып аралығында мектепішілік пікірсайыс турнирі басталды. Пікірсайыс турниріне 9 команда қатысуда. Пікірсайыс турнирі АПФ(Американдық парламенттік формат) форматында өтуде. Турнир мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, ана тілін. халқын ардақтап өтуге үйрету. Сонымен қатар оқушылардың ойлау дағдыларын, көпшіліктің алдында еркін сөйлеуін, суырып-салмалық қабілетін, сөз сапау мен оны дұрыс қолдана білуді жетілдіру. Оқушылар турнирдің алғашқы ойындарынан алған әсерлерімен және тың идеяларымен бөлісті. Жетекшісі: Култанов Р.Б #республикакүні #балаларжылы2022 #дебатқозғалысы #caspiandaryn 

“Бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлаймыз…”

icon10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық куні” апталығы аясында 11-сынып оқушыларына “Бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлаймыз…” тақырыбында тренинг өткізілді.Мақсаты: өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, психологиялық қысымнан арылту.Өткізген: Психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д. 

“10-қазан дуниежузілік психикалық денсаулық куніне”

icon Мектебімізде “10-қазан дуниежузілік психикалық денсаулық куніне” орай өткізілетін іс-шаралар жоспары жасақталып, оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Ата-ана, оқушы, мұғалім арасында жағымды психологиялық ахуал орнату. Жауапты: Педагог-психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д   

Ұстаздар күні

07.10.2022ж күні "#5 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де дублер күні өткізілді. 11-сынып оқушылары өздерін бір сәт ұстаздарының орнына қойып, ұстаздық мамандықтың қаншалықты қиын да, қызықты екендігіне куә болды. Олар бір күн мектеп басшылары боп та көрді, мұғалімдердің орнына сабақ та берді. Ұстазға құрмет бұрынғысынан да артықанын айтып, өздерінің көңіл күйлерімен бөлісті. #Маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы #Маңғыстауоблыстықоқуәдістемелікжәнеқосымшабілімберуорталығы #Маңғыстауаудандықбілімбөлімі #Ұстаздаркүні 

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024