Жаңалықтар
Ашық сабақ Сонымен қатар 06.02.2023ж күні сағат 16:20-да математика пәні мұғалімі Байдәулетов Сүлеймен Мұратұлы өз ашық сабағын өткізді. АКТ қолдана отырып, сыныпты 3 топқа бөліп алды. Сабақта оқушылардың қатысуы жақсы болды әрі тақырыпқа түсінгендері кері байланыс кезінде де белгілі болды. Тақырыбы: Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының синусы мен косинусы формулалары Сынып: 9 "Ә" Пән: Алгебра
Ашық сабақ 06.02.2023ж күні сағат 15:30-де МИФ пән бірлестігінің жоспарына сәйкес апталықтың алғашқы ашық сабағын Жарылкасинова Роза Жұмажанқызы ашып берді. Оқушылардың барлығы сабаққа белсене қатысты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Көрнекілік жағынан ешқандай мін болған жоқ, барлығы өз орнында. Тақырып: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Токтың жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы Сынып: 8 "А" Пән: Физика
Сергіту сәті МИФ пән бірлестігі 15 минуттық ұзақ қоңырау кезінде оқушылардың уақытын тиімді әрі қызықты пайдалану мақсатында "Tiktok trends dance 2023" челленджін ұйымдастырды. Бұл шараға мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар сабақ оқумен қатар өздерін жаңа қырынан тани бастағандай.
⚜ 06.02.2023ж ⚜ Бүгін №5 ЖББМ МИФ пән бірлестігің "ӘЛЕМНІҢ ҒАЖАЙЫП ҮШ ТІРЕГІ" атты апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шара барысында бірлестік ұстаздары оқушылар мен мектеп ұстаздарын кіре беріс дәлізде ерекше көңіл-күймен күтіп алды. Оқушылардың ерекше назарын аударған әйгілі Трансформеры үлгісіндегі роботы болды. Сонымен қатар оқушылар құрастырған EV3 роботтары көрме ретінде қойылды.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы 7-8 сынып оқушыларының аудандық кезеңінің жеңімпаздары: 1)қазақ тілі пәні бойынша 7-сынып оқушысы Абат Айзере 2-орын, жетекшісі Күлханова Ж, 8-сынып оқушысы Рамазан Гүлжанат 1 орын, жет Тілекбаева Ұ. 2) орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушысы Тезекбай Әсемай 2-орын, жетекшісі: Толыбаева Қ., 8-сынып оқушысы Оңғар Ақниет 2-орын, жетекшісі: Умарбаева Г.О. 3) ағылшын тілі пәні бойынша 7-сынып оқушысы Полатбай Динара 1-орын, 8-сынып Науайыев Мирас 1-орын. Жетекшісі Шаңдақбаева А.Е. 4) математика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Жұбаныш Алина 3-орын. Жетекшісі: Құлханова Қ.Т. 5) физика пәні бойынша 8- сынып оқушысы Атағозы Толғанай. Жетекшісі: Жарылкасинова Р.Ж. 6) информатика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Деміш Нұршат 3-орын. Жетекшісі Аманчаева Л.М. 7) химия пәні бойынша 8-сынып оқушысы Сағындықова Альбина 2-орын. Жетекшісі Тугелова А.К. 8)география пәні бойынша 8 сынып оқушысы Есбосын Альбина 3-орын. Жетекшісі Кенжебаева Қ. 9) биология пәні бойынша 7-сынып оқушысы Жәдігерұлы Мейрамбек 3-орын. Жетекшісі Жилкибекова А.
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары: 1)қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 сынып оқушысы Тулембет Каусар 2-орын. Жетекшісі: Қадырова Ш. 6-сынып оқушысы Ислам Айдана 3-орын. Жетекшісі:Темирова Р. 2) орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-сынып оқушысы Ешман Ұзақбай 1 орын, облыстан 1-орын. Жетекшісі: Умарбаева Г.О. 6 сынып оқушысы Нұрланқызы Айша 2-орын. Жетекшісі: Толыбаева Қ. 3) ағылшын тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысы Нұрлан Жантілек 1 орын, обл сертификат. Жетекшісі: Байкулова Ж. 4) математика пәні бойынша 6 сынып оқушысы Жақсылық Әлқуат 2-орын. Жетекшісі: Абдикеримова Г. 5) Қазақстан тарихы пәні бойынша 6-сынып оқушысы Таңатар Орынжан 2-орын. Жетекшісі: Тугелов А. 6) Жаратылыстану пәні бойынша Бақтыбай Інжу 2-орын. Жетекшісі: Кенжебаева Қ. 7) Жаратылыстану 5 сынып Жолдыбай Мұхаммед 3-орын. Жет: Кенжебаева Қ.
Өз өміріңізге салғырт қарамаңыз‼️‼️
Өз өміріңізге салғырт қарамаңыз Мессенджерлерде, тик-ток трендте үш бала мен ересектер секіріп, ортасында тұрған адамды құлататын бейнеролик көптеп таралуда. Құрметті ересектер! Осы мәселені бақылауға алып, балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және оның салдары туралы жақсылап түсіндіруді сұраймыз?! Құрметті балалар! Мұндай бейнероликтерде көрсетілген трюктерді қайталамаңыз! Бұл сіздің денсаулығыңызға немесе өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін! Өміріңізге жауапкершілікпен қараңыз!"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 ЖББМ-нің кітапханасы жаңа көркем әдебиеттермен толықты. Жаңа кітаптардың ішінен қазақ әдебиеті, шетел, аударма кітаптары, балалар әдебиеті және мотивациялық кітаптарды кездестіруге болады. Жаңа кітаптарды таныстыру мақсатында мектеп дәлізінде кітап көрмесі ұйымдастырылып, жаңа әдебиеттер оқырмандарға таныстырылды. Әдеби қор жаңа кітаптармен толығуына байланысты, кітапханаға келетін оқырмандар саны артуда.
Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың уақытты тиімді пайдалану мақсатында өткізілген “Қыста оқимыз” атты іс-шаралардан көрініс Жиренше Шешен әңгімелері #кітапғажайыптарыәлеміндегіжазғыоқиғалар
Соңғы жаңалықтар
8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...
07 наурыз 2024ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...
20 ақпан 2024Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...
10 ақпан 2024Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...
09 ақпан 2024Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...
08 ақпан 2024Сілтемелер
Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz
Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz
Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz