f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Жаңалықтар

⚜️ Грант иегерлері ⚜️

icon⚜️ Грант иегерлері ⚜️▫️Реймбай Мирас▫️Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.Мамандығы: Математика мұғалімдерін даярлау.▫️Елеусін Ақжүніс▫️Қарағанды Медицина Университеті (КГМУ)Мамандығы: Педиатрия.▫️Ешман Арман▫️Ұлттық Ұланның әскери институты.Мамандығы: Ұлттық Ұлан▫️Оразова Айгүл▫️Қазақ ұлттық Аграрлық Университеті (КазНАУ)Мамандығы: Орман шаруашылығы.▫️Арысланұлы Нұрсұлтан▫️Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.Мамандығы: Электр техникасы және энергетика.▫️Теңелбай Әл-жүсіп▫️Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.Мамандығы: Теңіз көлігі және технологиялар.▫️Омарова Ақбота▫️Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжинирг университеті.Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау▫️Жұмабай Нұртас▫️Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.Мамандығы: Теңіз көлігі және технологияла.Мектебіміздің мақтаныштары, құттықтаймыз!  

«Болашаққа бастай бер, түбек төрі»

icon20 тамыз күні Маңғыстау облысының 50 жыл, Ақтау қаласының 60 жылдығы аясында Қарақия ауданының 50 жылдығына орай «Болашаққа бастай бер, түбек төрі» атты Ақтау қаласындағы Қарақия ауданының мәдени күні аясында өтетін іс-шаралар бағдарламасы 

ХАБАРЛАНДЫРУ

icon

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлаудың алдын алу бойынша ережелерін ескертеді

icon

Мемлекеттік органдарға ресми өтініш беру


Жемқорлық індет – жою міндет

icon Жемқорлық індет – жою міндет Жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке қоғам болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Култанов Рахымжан, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 

Мұғалім ретінде мектепке жұмысқа қалай орналасу керек?


"Алау" жазғы лагерьі

«Алау» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру. Міндеттері: - Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау; - Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу; - Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу; - Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау; - Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу; - Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру; - Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру. #жазғылагерь2023 #жазғыдемалыс #жазғылагерьактау  

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

icon31 мамыр -Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніКеңестік қатаң жүйе кезінде ұлт мүддесін қорғап, тәуелсіздік ұранын көтерген қазақ халқының зиялыларына қарсы жүргізілген қуғын- сүргін зобалаңы мен оның жантүршігерлік зардаптары туралы алған білімдерін жүйелейді. Саясаттану, әлеуметтану, тарих, филология, журналистика, заңгер, дінтанушы,педагог сияқты мамандықтарды таңдаған оқушылар тақырып бойынша білімін тереңдетеді. Оқушының ой-өрісі, ойлау, сөйлеу қабілеті дамиды, ізденуге, зерттеушілікке дағдыланады. Қуғын- сүргінге ұшыраған тұлғаны жас ұрпаққа үлгі қылу арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында өткен тәрбие сағаттары өтті.Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 6-10 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өткізілді 

Мектеп - ата-ана - оқушы!

icon Білім алу басты мақсатымыз! Оқу жылының соңғы күндерінде мектебімізде сабақ қарқынды жүруде. Мұғалімдер оқушылармен жұмысын жоғарғы деңгейде өткізіп жатыр. Оқушылар жазғы демалыс уақытына дейін білім алуға асық. Ата - аналар назарына, балаларымызды сабақтан қалдырмайық, емтихан мен сауықтыру лагерлеріне уақытында жіберіп, балалардың жақсы дем алуларына мүмкүндік жасайық. Мектеп - ата-ана - оқушы! 

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024