f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

iconҚұрметті ата-аналар! Синоптиктердің болжауынша, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын; солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде. Осыған байланысты, қолайсыз ауа райы жағдайында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 11 -12 ЖЕЛТОҚСАН күндері МАД топтары, 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ұйымдастырылатындығын хабарлаймыз. Желтоқсанның 11-12-сі күндері балаларыңыздың онлайн сабаққа қатысу жағдайын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. Өзгерістер қосымша хабарланатын болады. Құрметпен, №5 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі 

“Бала дауысы-2023”

icon “Бала дауысы-2023” аудандық байқауына қатысып 2-орынға ие болған 5”А” сынып оқушысы Көбегенқызы Аңсаған. Жетекшісі: Нұрбаев Рахим Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З! 

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"

iconСыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күніне орай мектебімізде 1 желтоқсан күні 10-сынып оқушылары "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында эссе жазды. Эссе жазуға 13 оқушы қатысты. Мұғалім: Тілекбаева Ұлмекен Талғатқызы. 

"Цифрлы әлемге – кемел біліммен"

icon Желтоқсан айының 04.12 күні МИФ пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Цифрлы әлемге – кемел біліммен" атты апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Бірлестік ұстаздары мектеп кіреберіс фойесінде өзге ұстаздарға жақсы көңіл күй сыйлап, ал олар өз кезегінде апталыққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіріп өтті. МИФ пән бірлестігінің апталығы 04.12 – 12.12.2023ж күндері аралығында жоспарға сәйкес жүріп отырады. 

Мектепішілік пәндік олимпиадасы

Мектепішілік пәндік олимпиадасы 2023-2024 оқу жылында 5-8 сыныптарға арналған мектепішілік пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада пәндері (5-6 сынып) 1) Ағылшын тілі 2) Жаратылыстану 3) Математика 4) Қазақстан тарихы 5) Қазақ тілі мен әдебиеті 6) Қазақ тілі (орыс мектептері үшін) 7) Орыс тілі мен әдебиеті Орыс тілі (қазақ мектептері үшін) Олимпиада пәндері (7-8 сынып) 1) Қазақ тілі мен әдебиеті 2) Қазақ тілі (орыс мектептері үшін) 3) Орыс тілі мен әдебиеті 4) Орыс тілі (қазақ мектептері үшін) 5) Ағылшын тілі 6) Қазақстан тарихы 7) Информатика Математика 9) География 10) Химия 11) Физика 12) Биология Олимпиадаға қатысқан оқушы саны: 1. 5-6 сыныптан 62 оқушы. 2. 7-8 сыныптан 67 оқушы. 5-6 сынып оқушыларының 57%-ы олимпиадаға қатысып отырса, 7-8 сынып оқушыларының 77%-ы қамтып отыр. 

"Мектеп оқушылары арасында зорлық – зомбылыққа жол бермеу және тәртіп бұзушылықтарының алдын алу"

icon2023-2024 оқу жылында 25 қараша -10 желтоқсан аралығында өткізілетін «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» республикалық науқаны аясында: "Мектеп оқушылары арасында зорлық – зомбылыққа жол бермеу және тәртіп бұзушылықтарының алдын алу" тақырыбында 28 қараша күні Мектеп инспекторы Нұрмағанбетов Ақылбек Бисенғалиұлы және Жетібай КПБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Бермағамбетов Талғат Қосайұлымен кездесу өтті. 

ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ

icon ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ "Атадан-мұра" қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған ДАРАБОЗ республикалық байқауында "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша 2-орын иеленген АЯПБЕРГЕНҰЛЫ АЙТЖАН 

"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"

icon "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында 6"А" сыныбы сынып сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Башимова Гүлшат Мұхтарқызы 

АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты.Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.Олимпиада 20.11-29.11 аралығында өтетін болады. 

"Қайырлы іс - жақсылықтың бастауы"

icon Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Республикалық "Білім бағы" ғылыми, педагогикалық журналы алғыс хат табыстайды. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Матсалаева Алия Игзамовна "Білім бағы" ғылыми, педагогикалық журналының кезекті санында "Қайырлы іс - жақсылықтың бастауы" тақырыбында мақала жариялады. Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!  

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024