Жаңалықтар
"Өмірге "Иә" деп айт!" атты психологиялық апталықтан ұстаздардың, ата-аналардың, оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуі.
"Жетекшім – жан серігім, ата-анам – бақ тірегім"
“Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!”
09.02.2023ж куні “Өмірге “Иә” деп айт!” психологиялық апталығы аясында “Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!” атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану және ата-ана, сынып жетекші, оқушы арасындағы байланысты нығайту. Өткізген: психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д."Қауымдастық, сабақтастық – ынтымақтастық кепілі"
⚜ Жолдастық кездесу ⚜Бұл күнді біз асыға күттік! Сағат 15:30-да Аманчаева Ләззат Мұхамбетқалиқызының ұйымдастыруымен №5 ЖББМ және №7 ЖББМ мектептерінің МИФ пән бірлестігінің ұстаздары арасында "Қауымдастық, сабақтастық – ынтымақтастық кепілі" атты жолдастық кездесу болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: іс-әрекеттер негізінде тәжірибемен алмасу, табысқа қолдау көрсету, оқытуда ынтымақтасу. Ал міндеті: ұжым мүшелерінің және өзіміздің кәсіби деңгейімізді арттыру, жаңа педагогикалық бастамалар жасау. Іс-шараның қорытындысы бойынша екі мектеп ұстаздары арасында ерекше ынтымақтастық қалыптасқандығын көруге болады.⚜ Сергіту сәті ⚜Бүгін 08.02.2023 күні 15 минуттық ұзақ қоңырау кезінде 5-11 сынып оқушылары арасында "Робо-сумо" сайысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мектеп оқушыларының көңілін Робототехника үйірмесіне деген қызығушылығын арттыру. Робот құрастырып, олардың ойлау қабілетін дамытуға бағыттау. Сонымен қатар жаңашылдыққа баулу болып табылады.Жауапты: Байдәулетов Сүлеймен Мұратұлы
08.02.2023ж “Өмірге “Иә” деп айт!” онкундігі аясында 7-8сынып оқушыларына “Жүрек жақсылыққа ашылады” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларды өмірдің мәнін түсінуге, жақсылық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу. Өткізген: психологтар Ербосын Б.Д, Абуова А.А.
Домбыра дастан жобасы бойынша “Үкілі домбыра” үйірмесі мектептік шараларға үлкен үлес қосуда #домбырадастан
07.02.2023ж күні “Өмірге “Иә” деп айт!” психологиялық апталығының жоспарына сәйкес оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға тақырыптық ақпараттық бұрыштар жасақталып, пікір алмасты. Өткізген: психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д.
Ақпан айының 06.02-10.02.2023ж аралығында “Өмірге “Иә” деп айт!” тақырыбында психологиялық апталық өткізіледі. Апталықтың мақсаты: оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету. Бүгін, яғни 06.02.2023ж куні апталығымздың жоспары бекітіліп, ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатын “Бір-бірімізге жақсы көңул-күй сыйлайық!” акциясымен бастадық. Өткізген: психологтар Абуова А.А, Ербосын Б.Д.
Соңғы жаңалықтар
8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...
07 наурыз 2024ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...
20 ақпан 2024Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...
10 ақпан 2024Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...
09 ақпан 2024Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...
08 ақпан 2024Сілтемелер
Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz
Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz
Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz