«Парасат жол – Адалдық жолы»
Адамгершілік қасиет – жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның таусылмас
байлығы.
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздің түкпір-түкпірінен «Парасат жолы» орталығы ашылып жатыр. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№5 жалпы білім беретін мектеп" КММ-сінің кітапханасында орталық өз жұмысын бастады.
Ауқымды жобаға өз үлестерін қосуға ниет танытқан іс-шараға қатысушылар «Парасат жолы» орталығының игі бастамалар мен жарқын істердің ұйытқысы болатынына сенім білдірді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. «Парасаттылыққа бастар жол» атты бұрышының ашылу мақсаты да болашақ ұрпағымыздың адал, әділ жолда еңбек етіп, халқының қамын ойлаған азамат етіп қалыптастыру. Алдағы уақытта жағдайы төмен отбасыларға көмек қолы созылып, жастарды еңбекқорлыққа, жомарттыққа тәрбиелеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Әл-Фараби өз сөзінде «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деп парасаттылық қасиетінің мағынасын ашып айтқан болатын.
Парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек.
Тілекбаева Ұлмекен Талғатқызы
Мектеп лигасы ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" басшылығымен облыс көлемінде өткізілетін Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты. Ұлттық мектеп лигасының мақсаты: - балаларлы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту; - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу; - дарынды балаларды анықтау. Лига ойындарының түрлері видеоролик арқылы таныстырылды.
Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында республикалық"Балалар әлемі" балалар оқулары байқауының аудандық кезеңіне қатысып: 8-сынып оқушысы Абат Айзере орын; Жетекшісі: Күлханова Жұпар @kulhanova_j 9-сынып оқушысы Науайыев Мирас орын; Жетекшісі: Тілекбаева Ұлмекен 10-сынып оқушысы Ақылбаева Ақмарал орын иеленді. Жетекшісі: Күлханова Жұпар @kulhanova_j Жарайсыздар! Құттықтаймыз! Байқаудың аудандық кезеңінен 1-орын иеленген 8-сынып оқушысы Абат Айзереге облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!
"Ғаламшарды бірге сақтаймыз" жас волонтерлар акциясының аудандық кезеңі "Жануарлар әлемін қорғау" туралы эссе жазу номинациясы Жер бетінде жойылып бара жатқан, қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау шаралары туралы ізденісі, ой-пікірін эссе арқылы жазу бойынша жүлделі 1-орын иеленген 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Әсем. Жетекшісі: Кенжибаева Каламкас @diana.albina Құттықтаймыз!
Мектеп қоржынына тағы да +1 жетістік "Ғаламшарды бірге сақтаймыз" жас волонтерлар облыстық акциясы. "Жануарлар әлемін қорғау" эссе номинациясы бойынша ІІ орын иеленген 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Әсем. Жетекшісі: Кенжибаева Каламкас @diana.albina Құттықтаймыз!
"Қауіпсіз білім беру ұйымы" онкүндігі аясында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
18.09.2023 ж. күні "Қауіпсіз білім беру ұйымы" онкүндігі аясында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Буркитова Гульзипа Нурбаулыевна сөз сөйлеп мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасының толық орындалуын қамтамасыз ететіндігін айқын айтты. Мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шандакбаева Акмоншақ ата-аналарға білім алушылардың білім сапасымен таныстырып өтті. ДТІЖО Курмангалиева Кундиз Рахметоллаевна сөз сөйледі. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып өтті. Мектеп испекторы Жиенбай Дәулет кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын атап өтті. Жиналысқа 102 ата-ана, 30 сынып жетекші қатысты."Туған тілім-бабам тілі-өз тілім"
"Туған тілім-бабам тілі-өз тілім" Республикалық челленджін #4 ЖББМ @zhetibay_4_mektep_ -нен қабылдап, #6 ЖББМ @kuryk.6mektep-не жолдаймыз! #өзінөзібасқару #школьноесамоуправление #школьныйпарламент #студенческийпарламент #челленджтуғантілім #біртұтас_тәрбие"Парасаттылық, адалдық - адамдықтың белгісі"
"Парасаттылық, адалдық - адамдықтың белгісі" тәрбие сағаты Жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіртетін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. 4"Б" сыныбы Бекбосын Нұржамал Оразқызы @bekbossina"Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы"
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай 05.09.2023 ж. күні сағат 10:00-де еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өтілді. Қазақ халқының біртуар перзенті Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына байланысты "Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында диктант жазылды. Диктантқа 21 мұғалім, 275 оқушы қатысты.1 қыркүйек-Білім күні құтты болсын !
Құрметті ұстаздар! Келіп жеткен алтын күздің алғашқы күні қайырлы болсын! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық тілейміз! Оқушыларымыз басталған оқу жылында сапалы білім нәрімен сусындап, келешектері кемел, болашақтары сәулелі болсын! Ұстаздар қауымына саналы, ойлы, зейінді шәкірт, шығармашылықтарына сәттілік пен табыс тілейміз!Соңғы жаңалықтар
8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...
07 наурыз 2024ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...
20 ақпан 2024Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...
10 ақпан 2024Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...
09 ақпан 2024Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...
08 ақпан 2024Сілтемелер
Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz
Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz
Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz