f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

«Парасат жол – Адалдық жолы»

Адамгершілік қасиет – жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның таусылмас байлығы.

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін.

Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен  еліміздің түкпір-түкпірінен «Парасат жолы» орталығы ашылып жатыр. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№5 жалпы білім беретін мектеп" КММ-сінің кітапханасында орталық өз жұмысын бастады.

Ауқымды жобаға өз үлестерін қосуға ниет танытқан іс-шараға қатысушылар «Парасат жолы» орталығының  игі бастамалар мен жарқын істердің ұйытқысы болатынына сенім білдірді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. «Парасаттылыққа бастар  жол» атты бұрышының ашылу мақсаты да болашақ ұрпағымыздың адал, әділ жолда еңбек етіп, халқының қамын ойлаған азамат етіп қалыптастыру. Алдағы уақытта жағдайы төмен отбасыларға көмек қолы созылып, жастарды еңбекқорлыққа, жомарттыққа тәрбиелеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Әл-Фараби өз сөзінде «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деп парасаттылық қасиетінің мағынасын ашып айтқан болатын.

Парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек.

Тілекбаева Ұлмекен Талғатқызы





"Халықаралық әйелдер" мерекесі

icon8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" мерекесімен білім бөлімінің басшысы А.Т.Искалиева, мектеп директоры Г.Н Буркитова құттықтады. Қазіргі таңда ардагер ұстазымыз аяулы ана,ардақты әже бейнеттеніп жасаған еңбегінің зейнетін көріп отыр . Ардагер ұстазымыз тағылымды толы әңгімелерін айтып,ризашылығын білдірді. 

"Алтын доп"

icon ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кезеңінің ІI орын жеңімпаздары. Жетекшісі: Ешманов Сауирбек Куралбаевич Жарайсыздар! Құттықтаймыз! 

ЖЕТІСТІКТЕР

icon Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша орын иеленген 8-сынып оқушысы Абат Айзере. Жетекшісі: Күлханова Жұпар Төремұратқызы "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." номинациясы бойынша орын жеңімпазы 9-сынып оқушысы Тұрдыбекұлы Ильяс. Жетекшісі: Тілекбаева Ұлмекен Талғатқызы 

"Абайтану"

iconМектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадасының аудандық кезеңінің орын жеңімпазы 10-сынып оқушысы Жолдыбай Айша. Жетекшісі: Күлханова Жұпар Төремұратқызы @kulhanova_j Жарайсыздар! Шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық кезеңге сәттілік!  

«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

icon Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жарысының, аудандық кезеңінің I орын жеңімпаздары Жетекшісі: Несіпбаев Айнияз Жақсылықұлы Жарайсыздар! Құттықтаймыз! Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз! #5мектеп #қарақияауданы #волейбол #ұлттықмектеплигасы 

"ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын!"

"ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын!" акциясы аясында "Мектеп формасы" тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді. Жауапты: Құқық фракциясы, Дебат фракциясы. Жетекшісі: Сисенов Арман Асқарұлы @arman_sissenov #5мектеп #досболlike #біртұтас_тәрбие #дебат #мектепформасы 

«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

icon Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жарысының, аудандық кезеңінің II орын жеңімпаздары Жетекшісі: Несіпбаев Айнияз Жақсылықұлы Жарайсыздар! Құттықтаймыз! #5мектеп #қарақияауданы #волейбол #ұлттықмектеплигасы 

⚜️ЖЕТІСТІКТЕР⚜️

icon Республикалық IV "Абай әлемі" шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің нәтижесі: "Жүрегімнің түбіне терең бойла..." атты эссе байқауына қатысыпорын иеленген 11-сынып оқушысы Чаштауова Ақмарал. Жетекшісі: Қадырова Шолпан Мұратбекқызы @muratbekovnash "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..." атты ақындар мүшәйрасына қатысып орын иеленген 10-сынып оқушысы Ахылбаева Ақмарал. Жетекшісі: Күлханова Жұпар Төремұратқызы @kulhanova_j Жарайсыздар! Құттықтаймыз! Биіктерден көріне беріңіздер! #5мектеп #қарақияауданы #облыстықкезең #абайәлемі #ақындармүшәйрасы #эссебайқауы 

⚜️ ЖЕТІСТІКТЕР⚜️

icon «Зерде» ғылыми жобасының аудандық кезеңінің нәтижесі: орын 4"Б" сынып оқушылары Төремұратқызы Айару және Қосай Інжу. Жетекшісі: Тоғжанова Бақыт 

⚜️ МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНА +1 ЖЕТІСТІК ⚜️

icon "Robotek Grand Tournament" робототехника турнирінің аудандық кезеңінде "Инверсті сызық бойынша жарыс" санаты бойынша қатысып, орын иеленген 5 "Ә" сынып оқушысы Аяпбергенұлы Айтжан. Жетекшісі: Байдаулетов Сулеймен @b.lomon ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #5мектеп #робототехника #қарақияауданы 

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024