f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Тәрбие сағаты





“Қыста оқимыз”

Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың уақытты тиімді пайдалану мақсатында өткізілген “Қыста оқимыз” атты іс-шаралардан көрініс Жиренше Шешен әңгімелері #кітапғажайыптарыәлеміндегіжазғыоқиғалар 

Жетістіктер.

iconЖалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі бойынша:ІІІ орын Абатов ЕркебұланЖетекшісі: Умарбаева Г.ОІІ орын Жұмабек Перизат, Тлеп ДильнараЖетекшісі: Шандакбаева А.ЕОқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз

“Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым”

Мектеп кітапханасында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым” тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмемен танысуға мектебіміздің 5-сынып оқушылары келіп қатысты. Кітап көрмесімен танысқан оқырмандар Тәуелсіздік тақырыбында қазақ ақындарының өлеңін мәнерлеп оқыды. #тәуелсіздіктұғырым 

Қыздар жиналысы

icon14.12.2022ж күні 5-7 сынып қыздарына мектеп басшысы, ДІТЖО, психологтардың қатысуымен психологиялық жиын өткізілді. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. 

"Зерде"

icon 8-желтоқсан, 2022 жылы өткізілген 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Нәтижесінде оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын Теңелбай Ақбөбек 7 “Ә” сынып оқушысы. Тақырыбы: "Qr-код"- жаңа заман талабы. Жетекшісі Ербосын Бибігүл. І-орын Айдосұлы Айдын 7 “ А” сынып оқушысы. Тақырыбы: "Садақтан оқ ату жауынгерліктің белгісі" Жетекшісі: Аманчаева Лаззат ІІІ орын Асқарбекқызы Аяулым және Жолдыбай Мұхаммед 5 “Б” сынып оқушылары. Тақырыбы: "Ақын- елдің ардағы" Жетекшісі: Теңізбаева Гүлмира. ІІ орын Панабай Қайсар, Оңғар Аяна 5 “А” сынып оқушылары. Тақырыбы: "Значение слова вежливость» в наше время? Жетекшісі: Умарбаева Гюльнара. ІІ орын Абат Айзере, Жолдыбай Дария 7 “А” сынып оқушылары. Тақырыбы: “А.Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонетика саласындағы жаңа бағыттар” Жетекшісі: Күлханова Жұпар. 

«Маңғыстаунама - 2022»

icon Ақын Светқали Нұржанның шығармашылығына арналған «Маңғыстаунама - 2022» облыстық танымдық байкауының «Көкірегім-көне кітап» сөздiк номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Чаштауова Ақмарал. Жетекшісі: Күлханова Жұпар “Ақынға хат” эссе номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген Тлеп Дильнара. Жетекшісі: Күлханова Жұпар Жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз 

“Тарихыңды білесің бе?”

“Тарихыңды білесің бе?” жобасы аясында мектебіміздің “Өзін-өзі басқару”, “Мұрагер”, “Қыз-Жібек” ұйымдарының ұйымдастыруымен 6-11 сынып ұл балаларына “Бір уыс бидай” қысқаметражды фильмі көрсетіліп, фильмге байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтарға жоғарғы деңгейде жауап берді. #тарихыңдыбіл #балаларжылы2022 #тарихыңдытаны 

"Жандану әлемі"

"Жандану әлемі" жеке қоры экологиялық мәдениетті қалыптастыру және білім беру мен тәрбиелеу жүйесiн дамыту жөнiндегi "Quat Ormany" әлеуметтік жобасын іске асыруда. Осы жоба аясында "Су-тiрi организмдердiн тiршiлiк кезi", "Топырақты қалай қалпына келтiру керек", "Ауаның қоршаған ортаға әсері", "Альтернативті энергия көздерi", "Қоқыс-табиғаттың басты жауы", "Планетаның ресурстары" сияқты тақырыптарды ашатын бiлiм беру - тәрбие ресурсын әзiрледi. Ол ресурстың құрамы қазақ және орыс тiлдерiнде сыныптарға арналған "Өмір ағашы" 1-6 мультипликациялық фильмдерiнен тұрады. Осыған орай Маңғыстау облысынын бiлiм беру ұйымдарын "Quat Ormany" жобасының серіктесi болуға және 2022 жылдың соңына дейiн бiлiм беру ұйымдары үшiн кез келген қолайлы уақытта осы ресурсты пайдалана отырып, мұғалімдердің экологиялық сағаттарды өткiзді. #QuatOrmany #балаларжылы2022 

«Мерген»

iconҚазақтың бай тілінде «Мерген» дейтін сөз, яғни, атау бар. Ерте кезде садақ ату мен мергендік өнер бір сөзбен айтқанда, ұлыстың бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан да, көшпенді халқымыз ер баланы жастайынан садақ атуға баулып, елін қорғауға тәрбиелеген. Өйткені, садақ ату жауынгерлік өнер. Мен осы өнерді жастайымнан ата-әжемнің ертегілернен тыңдап өстім. Садақ атып, ат құлағында ойнау – бала кездегі арманым болатын. Ал енді сол арманыма алғашқы қадамым ауылымдағы садақ ату үйірмесінен басталды. Садақты қолға алып, нысананы көздегенде ерекше сезімде боласың. Бойымда мақсатқа жетудегі табандылық қасиетім оянып, батылдыққа бастағандай болды. Қызығушылығым арта түсіп, осы ұлттық спорт түрін зерттеуді жөн көрдім. Біз білмейтін садақтың сырларын ашып келемін. Өзім сияқты өскелең ұрпақты ұлттық өнердің дамуына үлес қосуға шақырамын. 7 “А” сынып оқушысы Айдосұлы Айдын 

«Педагогикалық кеңес»

25.11.2022ж күні мектебімізде Педагогикалық әдеп кеңесінің жоспарынан тыс «Педагогикалық кеңес» өтті. Кеңесте: Педагогикалық әдеп Педагогикалық шеберлік Педагогикалық техника Туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар мұғалім шеберлігін анықтайтын белгілер айтылды: Сыртқы келбет мәдениеті Өзін-өзі басқару шеберлігі Мимика және понтомимика ишараларының мәнерлі негіздері Сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, интонациясы.  

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024