f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Маңғыстау облысының бас санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтың қаулысы шықты

Маңғыстау облысының бас санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтың  қаулысы шықты





“Ғажайып ғарыш”

icon12-сәуір “Ғарышкерлер” күніне арналған логопед-дефектологтың “Ғажайып ғарыш” атты ашық сабағынан үзінді. 

«Сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері»

icon«Сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері» тақырыбында 7-9 сынып оқушыларына баяндама оқылды. Мақсаты: Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет болғандықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

icon Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша "5 жалпы білім беретін мектеп” КММ 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды 1 сәуір - 31 шілде аралығында қабылдайды. Өтінішті egov.kz порталы арқылы беруге болады. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР 1)Ата-аналардың өтініші; 2)Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) "Баланың денсаулығы паспорты" 026/у 3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 4)063/у нысаны бойынша денсаулық жағдай туралы құжат; 5) 3/4 көлеміндегі 2 фото; 6) Ата-аналардың ЭЦП кілті. 

“Әз - Наурыз”

icon 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай “Әз - Наурыз” атты концерттік бағдарлама өтті. «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, сүйіспеншілігін арттыру. Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем. Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке, Қастерледік, қадіріңді білдікте. Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке. #наурыз #наурызмейрамы #наурызқұттыболсын #наурызмейрамы 

“Қош келдің, Әз-Наурыз”

icon Мектебіміздің МАДТ топтарының біріге отырып өткізген “Қош келдің, Әз-Наурыз” атты концерттік іс-шарасынан үзінді. Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып, Қыс та ұзап барады жылап тұрып. Шатырында үйлердің Наурыз да жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып. 

"Домбыра дастан"

icon22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні. Осыған орай, мектебіміздің ұжымы мен оқушылары өз арнауларын жеткізді. Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра - қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Мектебіміздің оқушылары "Домбыра дастан" тақырыбындағы өз құттықтау челленджін #5 жалпы білім беретін мектептен қабылдады 

8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

iconБақыт пен жақсылық,байлық пен сәттілік,көктемгі көңіл -күй мен шат күлкі тілейміз!,

«Қыздар сұлу көрінер қылығымен»

icon Халықаралық әйелдер күніне арнап 6 наурыз күні мектебімізде ұйымымыздың ұйымдастыруымен «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқауға 8-10 сынып арулары қатысты. ​Байқау 5 кезеңнен тұрды: 1- «Мен – қазақтын қызымын» - таныстыру бөлімі. Бұл бөлімде қыздардың өздерін таныстыруының креативтілігі, сахна мәдениеті, сөз саптауы бағаланды. 2- «Ана көрген тон пішер» деген атпен қолөнер сайысы. Бұл сайыста қыздарымыз берілген түрлі-түсті қағаздардан түстерді таңдап, ою ойып, қағаз бетіне жабыстырды. Қыздардың эстетикалық талғамы, қол шеберлігі, ұқыптылығы бағаланды. 3-кезеңіміз «Сұрақ- бізден, жауап-сізден» деп аталды. Мұнда қыздарға 2 түрлі сұрақ берілді: салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты және ситуациялық сұрақтар. Қыздардың сұраққа нақты, толық, дұрыс жауап беруі, тапқырлығы, ой ұшқырлығы, адами қасиеттері бағаланды. 4- «Өнерлінің өрісі кең» атты өнер сайысы болды. Қыздарымыз бұл кезеңде бойында бар өнерін көрсетті, атап айтсақ, халық әнін шырқады, қазақ биін биледі , сахналық көрініс арқылы актерлік шеберліктерін көрсетті. Соңғы 5- «Ұлттық тағам— берекенің бастауы» атты ұлттық тағамдар сайысы. Алдын ала таратылған жеребе бойынша түскен қазақтың ұлттық тағамын дайындап, пісіріп келіп, сол тағам түрі туралы ақпарат беруі тиіс болды. Бұл кезеңде тағамның дұрыс дайындалуы, ұлттық нақышта эстетикалық талғаммен ұсынылуы, дәмділігі, берген ақпаратының дұрыстығы бағаланды. Алған ұпайларына сәйкес аруларымыз төмендегідей орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды және бағалы сыйлық—әдеби кітаптар сыйға тартылды: Бас жүлде: Батырхан Аида, жетекшісі- Жилкибекова А.К. 1-орын: Жұмабек Перизат, жетекшісі- Умарбаева Г.О. 2- орын: Деміш Нұршат, жетекшісі- Темирова Р.Е.;Орынбасар Мадина жетекшісі- Тілекбаева Ұ.Т. 3 -орын: Нұрлыбекқызы Айғаным, жетекшісі- Айтмағанбетова А.М.; ​ Союн Фариза, жетекшісі- Байдәулетов С.М. #маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы #қарақияаудандықбілімбөлімі 

1наурыз -Алғыс айту күні

iconКөктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген 1наурыз -Алғыс айту күні құтты болсын!Құрметті ұжымдастар сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!Сіздерге арманның аяулысын ,өмірдің қызығын,шәкірттің шабыттысын тілейміз!Ұзақ өмір ,қажымас қайрат,зор денсаулық,талмас қанат тілейміз!!!Баршаңызға шын жүректен мың алғыс . 

"Адалдық сағаты"

iconМектебімізде 8-10 сыныптар арасында "Адалдық сағаты" өткізілді.Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектебімізде "Адалдық сағаты" өтті. 

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024