Жеңіс күніне арналған 3"А" сынып оқушыларының туындылары.
Хабарландыру!

2021-2022 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттау Комиссиясын құру туралы бұйрық.
Қорытынды аттестаттау

Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, олардың аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі» туралы №660 бұйрығының 53 тармағы
негізінде 2021-2022 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерді қорытынды
аттесттаттау туралы мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары Джангалиева Махаббат Жолдыбайқызы түсіндірме жұмыстарын
жүргізді.
Маңғыстау облысының бас санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтың қаулысы шықты

Маңғыстау облысының бас санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтың қаулысы шықты
Жетістік

Жалпы бiлiм беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде әдебиет секциясы бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Бөлекбай Дариға II орын, облыстық кезеңінде жүлделі III орынды иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне бер!
Жетекшісі: Абуова Ақжүніс
#qazaqstan30
#5mektep
"Өзін-өзі басқару"

Мектеп президенті
18.10.2021 ж. күні өтілген мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының президенттік сайлауының қорытындысы.
Дауыс беруге 222 оқушылар мен пән мұғалімдері қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша:
1) Өтебай Саясат - 41%
2) Орынбаев Шыңғыс - 22,5%
3) Ешманов Арман - 19,8%
4) Колхозбек Еркебұлан - 16,7%
2021-2022 оқу жылында мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының президенті болып 11-сынып оқушысы Өтебай Саясат атанды.
«Білім күні»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылының «Білім күні» іс-шарасын дәстүрлі форматта өткізуді ұсынды. Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиында оларға «Әліппе» алғашқы оқулығын табыстаумен санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында ұйымдастырылды. «Қош келдің, Әліппе» атты «Білім күніне» арналған іс-шарасына Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Беккалина қатысты. 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығы табысталды. Әліппені табыстау мектебіміздің ардагер ұстаздары Умарбаева Салтанат Мақсатқызы, Лакирбаева Ақтолқын Танышбайқызы, Усжанова Айгүл, Шугурова Жаңыл Оңғалиқызына тапсырылды.
2-11 сыныптарда 1 қыркүйекте «Білім күніне» арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Мектептегі оқушылар саны – 550. 1-сыныптардағы жалпы бала саны – 51. 2-11 сыныптар аралығында – 499 оқушы қабылданды.
Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру

Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру
Қоңырау үнi.Бұл үн бiлiм кемесi–мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс,жүрегiне жақын.Алғашқы қоңырау–балалық арманыңды жетелеп,бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi–кәмелетке толып,оң-солын танып,қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады.
Құрметті 2021 түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.
Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.
Ақ жол!
Сәт сапар!
Жас түлек 2021
"ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР ЭСТАФЕТАСЫ"
Жеңіс күніне арналған 3"А" сынып оқушыларының туындылары.