f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Хабарландыру!

Маңғыстау облысының білім басқармасының

  Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«№5 жылпы білім беретін мектеп» КММ-сіне

2022-2023 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданатын балалардың

ата-аналары мен заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі .

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • 026/у-3 нысаны бойыншы денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы  құжат;
  • Баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;

Ескерту:  Құрметті ата-аналар құжаттарды жинақтап,

egov.kz  «Электрондық үкімет» порталы арқылы тіркелу керектігін ескертеміз.

Мектеп әкімшілігі





«Діни теріс ағымдардың алдын алу»

icon

Жазғы демалыс

icon "№5 ЖББМ"КММ-де 2022-2023 оқу жылын аяқтауға байланысты оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Дебат" "Сырлы бояу" "Спорт" "Би әлемі" ”Робототехника” үйірмелері маусым айының 05.06-16.06.2023ж аралығында өз жұмысын бастайды. #5мектеп #жазғыдемалыс #ЖАЗҒЫДЕМАЛЫС 

Үздіктер шеруіне шақыру

iconСіздеді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып,26-мамыр күні сағат 15:30 да өтетін "Үздіктер шеруіне" шақырамыз. 

“Ана мен қыз” сырласу

icon“Ана мен қыз” сырласуМектебіміздегі “Аналар мектебі” және “ Қыз Жібек” қыздар ұйымының ұйымдамтыруымен өткен “Ана мен қыз” сырласу кеші 

“Ата-анам-байлығым, балам-бақытым

iconМамыр айының 24-і куні ерекше білімді қажет ететін оқушыларға және олардың ата-аналарына мектеп психологтары “Ата-анам-байлығым, балам-бақытым” тақырыбында психологиялық кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл кездесуде ата-аналардың мектеп өмірімен үнемі байланыста болғандықтары үшін мектеп басшысы атынан алғыс білдіріліп, оқушылардың жұмыстары БАҚ беттеріне, яғни республикалық “Бала би” журналына жарияланды. Ата-аналар балаларының жетістіктеріне мәз болып, қуаныштарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Өткізген: Абуова А.А, Ербосын Б.Д 

Қош бол,Бастауыш сыныбым!

icon

“МЕНІҢ МЕКТЕБІМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ!”

icon“МЕНІҢ МЕКТЕБІМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ!” “Біздің мектеп буллингке қарсы” жалпы республикалық флешмоб ұйымдастырылды.

“Бала-ата-ананың айнасы”

iconМамыр айының 19-ы күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектебіміздің психологтары Абуова А.А мен Ербосын Б.Д ата-аналарға “Бала-ата-ананың айнасы” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету. Тренинг кезінде ата-аналарға сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Және проективті әдістеме(суретпен жұмыс) жүргізілді. Тренинг соңында ата-аналар әсерлерімен бөлісіп, сергіп қалғандықтарын айтып, алғыстарын білдірді. 

Бала -ата ананың айнасы.

icon

«Діни теріс ағымдардың алдын алу»

Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Қазақ халқы қашанда жастарын имандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеген. Сондай шараның жалғасы ретінде Мұнайшы ауылы, “Ар-Рахим” мешітінің бас имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы «Діни теріс ағымдардың алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.  Кездесуде ауыл имамы қазіргі таңда белең алып бара жатқан мектеп оқушыларының ата-анасына қарсы шығуы және жат ағымдардың қоғамға зияны туралы және осындай диструктивті ағымдардан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді.  Жастарды теріс діни ағымнан бойларын аулақ ұстау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кездесу соныңда ауыл имамы жастардың оқуларына жеміс тілеп қоштасты. 

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024