f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

Адалдық сағаты





"Ең үздік медиатор мектебі"

icon

⚜️Мектеп лигасы⚜️

icon Мектеп лигасы ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" басшылығымен облыс көлемінде өткізілетін Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты. Ұлттық мектеп лигасының мақсаты: - балаларлы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту; - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу; - дарынды балаларды анықтау. Лига ойындарының түрлері видеоролик арқылы таныстырылды. 

"Балалар әлемі"

icon Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында республикалық"Балалар әлемі" балалар оқулары байқауының аудандық кезеңіне қатысып: 8-сынып оқушысы Абат Айзере орын; Жетекшісі: Күлханова Жұпар @kulhanova_j 9-сынып оқушысы Науайыев Мирас орын; Жетекшісі: Тілекбаева Ұлмекен 10-сынып оқушысы Ақылбаева Ақмарал орын иеленді. Жетекшісі: Күлханова Жұпар @kulhanova_j Жарайсыздар! Құттықтаймыз! Байқаудың аудандық кезеңінен 1-орын иеленген 8-сынып оқушысы Абат Айзереге облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!  

"Жануарлар әлемін қорғау"

icon "Ғаламшарды бірге сақтаймыз" жас волонтерлар акциясының аудандық кезеңі "Жануарлар әлемін қорғау" туралы эссе жазу номинациясы Жер бетінде жойылып бара жатқан, қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау шаралары туралы ізденісі, ой-пікірін эссе арқылы жазу бойынша жүлделі 1-орын иеленген 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Әсем. Жетекшісі: Кенжибаева Каламкас @diana.albina Құттықтаймыз! 

"Ғаламшарды бірге сақтаймыз"

icon Мектеп қоржынына тағы да +1 жетістік "Ғаламшарды бірге сақтаймыз" жас волонтерлар облыстық акциясы. "Жануарлар әлемін қорғау" эссе номинациясы бойынша ІІ орын иеленген 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Әсем. Жетекшісі: Кенжибаева Каламкас @diana.albina Құттықтаймыз! 

"Қауіпсіз білім беру ұйымы" онкүндігі аясында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

18.09.2023 ж. күні "Қауіпсіз білім беру ұйымы" онкүндігі аясында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Буркитова Гульзипа Нурбаулыевна сөз сөйлеп мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасының толық орындалуын қамтамасыз ететіндігін айқын айтты. Мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шандакбаева Акмоншақ ата-аналарға білім алушылардың білім сапасымен таныстырып өтті. ДТІЖО Курмангалиева Кундиз Рахметоллаевна сөз сөйледі. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып өтті. Мектеп испекторы Жиенбай Дәулет кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын атап өтті. Жиналысқа 102 ата-ана, 30 сынып жетекші қатысты. 

"Туған тілім-бабам тілі-өз тілім"

icon "Туған тілім-бабам тілі-өз тілім" Республикалық челленджін #4 ЖББМ @zhetibay_4_mektep_ -нен қабылдап, #6 ЖББМ @kuryk.6mektep-не жолдаймыз! #өзінөзібасқару #школьноесамоуправление #школьныйпарламент #студенческийпарламент #челленджтуғантілім #біртұтас_тәрбие 

"Парасаттылық, адалдық - адамдықтың белгісі"

icon "Парасаттылық, адалдық - адамдықтың белгісі" тәрбие сағаты Жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіртетін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. 4"Б" сыныбы Бекбосын Нұржамал Оразқызы @bekbossina 

"Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы"

icon 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай 05.09.2023 ж. күні сағат 10:00-де еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өтілді. Қазақ халқының біртуар перзенті Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына байланысты "Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында диктант жазылды. Диктантқа 21 мұғалім, 275 оқушы қатысты. 

1 қыркүйек-Білім күні құтты болсын !

iconҚұрметті ұстаздар! Келіп жеткен алтын күздің алғашқы күні қайырлы болсын! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық тілейміз! Оқушыларымыз басталған оқу жылында сапалы білім нәрімен сусындап, келешектері кемел, болашақтары сәулелі болсын! Ұстаздар қауымына саналы, ойлы, зейінді шәкірт, шығармашылықтарына сәттілік пен табыс тілейміз! 

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024