“Даналық ұстаздан”





“Тіл – ұлттың жаны”✨

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы басталды! Апталық аясында оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, әдебиетке қызығушылығын оятатын түрлі танымдық, шығармашылық шаралар ұйымдастырылады.  Тіліміздің мәртебесін көтеретін апталыққа бірге атсалысайық! ???? №5 жалпы білім беретін мектеп  

Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дерті!

iconСыбайлас жемқорлық — әділдікке жасалған қастандық. Ол тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың болашағына қауіп төндіреді. Әр адам адал өмір сүруге, әділ жолмен әрекет етуге ұмтылуы тиіс.  “Адалдық — ардың ісі” деген атамыз. Адал болу — ұят емес, ерлік. Басты қағида: ”Өз ісіңе жауап бер, өзгенің еңбегін жемең!”#АдалдықАлаңы #СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ #ТазаҚоғам #АдалҰрпақ #StopCorruption 

Мектебімізде құқықтық тәрбиеге арналған жиналыс өтті!

icon "№5 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 9–11 сынып оқушылары арасында инспекторлар мен сала мамандарының қатысуымен маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Тақырыптар: Құқық бұзушылықтың алдын алу Зорлық-зомбылықсыз әлем Зиянды әдеттерден аулақ болу Қатысқан мамандар: Жетібай КПБ бастығы полиция майоры Есенгалиев Аслан Бауыржанұлы Қарақия АПБ КП аға жедел уәкілі полиция майоры Ирназаров Жамбыл ДТЖО: Ешманов С., Темирова Р. Жиналыс барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, жауапкершілік, қауіпсіздік және салауатты өмір салты жөнінде түсінік берілді. Мақсат — жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті нығайтып, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу. #ҚұқықтықТәрбие #ЖасөспірімҚауіпсіздігі #ЗорлықЗомбылықсызӘлем #ЗияндыӘдеткеЖоқ #МектепӨмірі #№5Мектебі 

“Театрдың ғажайып әлемі”

“Театрдың ғажайып әлемі” республикалық фестивалі – аудандық кезеңі Қуанышпен бөлісеміз! “Қуыршақ қойылымы” номинациясы бойынша мектебіміздің “Алақай балақай” театры жүлделі II орын иеленді! Сонымен қатар, 6-сынып оқушысы Сламғали Айзере “Образды үздік актерлік бейнелеу” номинациясымен марапатталды! Жетекшісі:Атчибаева Амалхан Осындай өнерлі оқушыларымыз бен ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз көп болсын! #АлақайБалақай #ТеатрӨнері #ҚуыршақҚойылымы #Жүлде #АйзереСламғали #МектепЖетістігі #Құттықтаймыз 

«Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы»

«Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы» Тілдер апталығы аясында өткен «1 мақал – 1 бауырсақ» атты көңілді 15 минуттан жарқын сәттер! #үштұғырлытіл #тілдерапталығы 

«Келешек мектептері»

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында тек Шымкент қаласында 35 мыңға жуық оқушы орнына арналған 12 мектептің құрылысы жоспарланған, оның он бірі пайдалануға берілген. По поручению Главы государства реализуется проект «Келешек мектептері». В рамках проекта только в г. Шымкент запланировано строительство 12 школ почти на 35 тыс. ученических мест, одиннадцать из которых уже введены в эксплуатацию. #келешекмектептері 

icon Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздік шараларын сақтауы аса маңызды. Ата-аналарды, балаларды суға түсу ережелерімен танысуға және ол шарттарды сақтауға шақырамыз. 

«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!»

icon«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!» Халықаралық және республикалық білім бәйгелерінің жеңімпаздарымен облыс әкімінің кездесуі өтті. Мектебіміздің үздіктері, республикалық кезеңнің жүлдегерлері — Абат Айзере, Деміш Нұршат, Нұрлан Әміржан облыс әкімінен алғыс хат пен ақшалай сыйлыққа ие болды! Жарайсыңдар! Жеңістерің көп болсын!  

icon Құттықтаймыз! ҰБТ-дан жоғары ұпай жинаған 11 “Ә” сынып оқушысы Союн Фариза мектебіміздің мақтанышы! Ұпайы: 121 Бейіндік пәндері: қазақ тілі мен әдебиеті. Армаңдарыңа ақ жол! 

⚜️Республикалық жетістік⚜️

iconРеспубликалық жетістік 2025 жылдың 21-24 сәуір аралығында Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының республикалық кезеңінде мектебіміздің 9 сынып оқушысы Абат Айзере жүлделі III орынды иеленді.Жетекшісі: Күлханова Жұпар Төремұратқызы. Оқушымыз бен жетекшісін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз 

Соңғы жаңалықтар

“Тіл – ұлттың жаны”✨

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы басталды! Апталық аясында оқушылардың тілге деген сүйіспеншіліг ...

10 қазан 2025
Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дерті!

Сыбайлас жемқорлық — әділдікке жасалған қастандық. Ол тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың болашағ ...

01 қазан 2025
Мектебімізде құқықтық тәрбиеге арналған жиналыс өтті!

"№5 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 9–11 сынып оқушылары арасында инспекторлар мен сала маман ...

18 қыркүйек 2025
“Театрдың ғажайып әлемі”

“Театрдың ғажайып әлемі” республикалық фестивалі – аудандық кезеңі Қуанышпен бөлісеміз! “Қ ...

18 қыркүйек 2025
«Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы»

«Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы» Тілдер апталығы аясында өткен «1 мақал – 1 бауырсақ» атты көңіл ...

10 қыркүйек 2025