f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Жаңалықтар

«Парасат жол – Адалдық жолы»

Адамгершілік қасиет – жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның таусылмас байлығы.

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін.

Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен  еліміздің түкпір-түкпірінен «Парасат жолы» орталығы ашылып жатыр. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№5 жалпы білім беретін мектеп" КММ-сінің кітапханасында орталық өз жұмысын бастады.

Ауқымды жобаға өз үлестерін қосуға ниет танытқан іс-шараға қатысушылар «Парасат жолы» орталығының  игі бастамалар мен жарқын істердің ұйытқысы болатынына сенім білдірді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. «Парасаттылыққа бастар  жол» атты бұрышының ашылу мақсаты да болашақ ұрпағымыздың адал, әділ жолда еңбек етіп, халқының қамын ойлаған азамат етіп қалыптастыру. Алдағы уақытта жағдайы төмен отбасыларға көмек қолы созылып, жастарды еңбекқорлыққа, жомарттыққа тәрбиелеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Әл-Фараби өз сөзінде «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деп парасаттылық қасиетінің мағынасын ашып айтқан болатын.

Парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек.

Тілекбаева Ұлмекен Талғатқызы





Хабарландыру!

Маңғыстау облысының білім басқармасының   Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің 

«Парасат жол – Адалдық жолы»

iconАдамгершілік қасиет – жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның таусылмас байлығы. 

Хабарландыру!

icon

2021-2022 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттау Комиссиясын құру туралы бұйрық.


Қорытынды аттестаттау

iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, олардың аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі» туралы №660 бұйрығының 53 тармағы негізінде 2021-2022 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттесттаттау туралы мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Джангалиева Махаббат Жолдыбайқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Маңғыстау облысының бас санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтың қаулысы шықты

iconМаңғыстау облысының бас санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтың  қаулысы шықты

"ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР ЭСТАФЕТАСЫ"


Жеңіс күніне арналған 3"А" сынып оқушыларының туындылары.

icon

Жеңіс күні құтты болсын!

icon

6-сынып оқушыларының Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арнап салған туындылары.

icon

Соңғы жаңалықтар

Хабарландыру!

Маңғыстау облысының білім басқармасының   Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің  ...

30 наурыз 2022
«Парасат жол – Адалдық жолы»

Адамгершілік қасиет – жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның таусылмас байлығы.  ...

29 наурыз 2022
Хабарландыру!

...

03 ақпан 2022
Қорытынды аттестаттау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы «Бастауыш, негізг ...

01 ақпан 2022