Жаңалықтар
“Экология-ел тағдыры”

⚜️ЖЕТІСТІК⚜️
“Экология-ел тағдыры”облыстық дебатының аудандық кезеңінің l дәрежелі жеңімпазы “WestStars” тобы
Жетекшісі:Сисенов Арман
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
“Әлем глобусы!”

Жетістік
“Әлем глобусы!”облыстық экологиялық-зияткерлік байқауының аудандық кезеңінің l дәрежелі жеңімпазы “5 жалпы білім беретін мектеп”КММ “Гринпис”тобы МАРАПАТТАЛАДЫ!
Жетекшісі:Жилкибекова Ажархан
“Менің шағын Отаным”

Жас тарихшылардың “Менің шағын Отаным” VII Республикалық интеллектуалдық конкурсының III дәрежелі диплом иегері Деміш Нұршат
Жетекшісі:Жұмаева Гүлжан
Құттықтаймыз
Олимпиада

2024 жылдың 29 қазан - 2 қараша аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада мақсаты ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау көрсету.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне мектебімізден аудандық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 11 оқушымыз қатысты.Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушымыз олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері атанды.
I-орын
Абат Айзере 9-сынып (қазақ тілі мен әдебиеті пәні)
Жетекшісі:Кулханова Жұпар Төремұратқызы
II орын
Союн Фариза 11-сынып (қазақ тілі мен әдебиеті пәні)
Жетекшісі: Кулханова Жұпар Төремұратқызы
Жұбаныш Алинұр 10-сынып (биология пәні)
Жетекшісі: Жилкибекова Ажархан Коптилеуовна
Болатбай Динара 9-сынып (құқық негіздері пәні)
Жетекшісі:Жумаева Гүлжан Төлегенқызы
Оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз!
“ Менің шағын Отаным”

ЖЕТІСТІКТЕР
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың “ Менің шағын Отаным”атты Vll республикалық интелектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде”Менің шағын Отаным символы” номинациясының I дәрежелі иегері Деміш Нұршат
Жетекшісі: Жұмаева Гүлжан Төлегенқызы
“Менің шағын Отанымның болашағы” номинациясының I дәрежелі иегері Жәдігерұлы Мейрамбек
Жетекшісі: Жұмаева Гүлжан Төлегенқызы
“Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар”номинациясының II дәрежелі иегері Рамазан Гүлжанат
Жетекшісі: Айтмағанбетова Айтгүл
“Даналық ұстаздан”

Қарақия аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Сымбат Төретаевтың қатысуымен “Даналық ұстаздан” атты мерекелік кеш өткізілді.
Аудан әкімінің жылы лебіз, ыстық ықыласынан кейін мерекелік шарада білім саласының дамуына, көркеюіне қажырлы еңбек еткен ұлағатты ұстаздарымыз марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Барша білім саласының жандануына үлес қосып, егеменді елдің ертеңінің мықты болып бекуіне ат салысып жүрген асыл ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!
Конкурс нәтижесі

✅ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ:
Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, 2024-2025 оқу жылына бос лауазымға кандидаттарды жұмысқа қабылдау мақсатында конкурс өткізді.
Жаңа электронды жүйе (НОБД)бойынша нәтижелері 09.09.2024 жылы шықты.Жүйе нәтижесінде ағылшын тілі мұғалімі Баймұратқызы Камшат, ағылшын тілі мұғалімі Таңат Элеанора,дефектолог Есбосын Ұлбала,пед-психолог Куланова Асель,пед-логопед Садакбаева Жамал,информатика пәні мұғалімі Еримбетова Даметкен бос лауазымдарға жұмысқа қабылданды.
Құттықтаймыз!
“Махамбет оқулары”

Жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық “Махамбет оқулары” байқауының аудандық кезеңіне «№5 ЖББМ» КММ II-орын жүлдегері 8 - сынып оқушысы Алпыспай Қымбат .
Құттықтаймыз!
“Менің Отаным - Қазақстан”
02.09.24ж күні “№5 жалпы білім беретін мектеп ” КММ- сінде 1 - 11 сыныптарда “Менің Отаным - Қазақстан” атты сынып сағаттары өткізілді. Барлық сыныптарда мемлекеттік гимнмен басталып қауіпсіздік сағаттарымен жалғасты. Білім алушылар аптаның дәйек сөзімен таныстырылып, мағынасы түсіндірілді. Аптаның дәйек сөзі: Өз тілің-бірлік үшін, өзге тіл-тірлік үшін.
#Bilim_quni
#Bilim_quni..
0:11 / 0:38
и ещё 4
Все реакции:
5Gulzipa Burkitova, Аматуллаһ Тілекбайқызы Ерғали и ещё 3
"Мектебім - мейірім мекені!"
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы "№5 ЖББМ" КММ-сі 2024-2025 оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек - Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені!" атты салтанатты мерекелік жиыны өтті.
Мерекелік салтанатты жиынның алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Буркитова Гульзипа Нурбаулыевнаға берілді.
2024-2025 оқу жылында қасиетті білім шаңырағына, 1-сыныпқа, 53 бүлдіршін қабылданды.
Баршаңызға жаңа оқу жылы жаңа білім, жаңа мүмкіндіктер, жетістіктер мен қуанышты сәттерге толы жыл болсын!
#біртұтас_тәрбие
#білімкүні
#мектебіммейіріммекені