f "Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі" : Мектеп ұстаздары

«Арманым - асқақ, мақсатым-айқын» тренингі

 

Амен Жайна Бақытқызы

Мектеп психологі

Тақырыбы: «Арманым - асқақ, мақсатым - айқын» тренингі

Мақсаты: өз мүмкіндіктері мен уақытты адекватты бағалау, мәселелерді шешуде өзінің ерік-жігерін талдау дағдыларын дамыту, қақтығыстық мінез-құлықтың алдын алу, өз тұлғалық ерекшеліктерін бағалау, өмірлік мақсатқа жетудегі өзінің ерекше сапаларын айқындау. Қатысушылардың өмірдегі шынайы мақсаттарын іздеу, болашаққа деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.

Уақыты: 45 минут

Психолог: Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар! Бүгінгі болғалы отырған тренингте сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын.

Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз. Тіпті, егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз қатысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танисыз, ал енді бірін тіптен білмейсіз.

1. «Кел танысайық»

Шеңбер құрып, әр қатысушы келесі адамға доп беру арқылы өзінің есімін және өзінің ең басты арманын айтып өтуі керек.

2. «Орын ауыстыру» жаттығуы

Мақсаты: Ұстаздар арасында жағымды қарым – қатынас орнату.

Барысы: Ұстаздар шеңбер бойында орындыққа отырады. Мен, мысалы, қазақ тілі мұғалімдері бір-бірлерімен орын ауыстырсын деймін. Сол кезде мен бос орындыққа отырып аламын. Ортада орынсыз қалған мұғалім ойынды қайта жалғастырады.

3. Топқа бөліну

  1. Топ: Кешегі қиял-бүгінгі шындық
  2. Топ: Арман-адамға қанат
  3. Топ: Жетістікке жету кілті- өз қолымызда
  4. «Мақсатыма жетемін»

Әр ұлттың өлеңіне билеп, кедергілерден өтіп мақсатымызға қол соғып кері билеп қайтамыз, осылай жалғаса береді.

5. «Құпия сөздер» ойын

Құпия сөздер топтық ойыны. Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби. Уақыты 15-20 минут. Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әрбір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығару. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.

1. 18 8 27 34 36 18 21 17 36 23 2427 23 26 14 8 23 8 14 25 36 5 36 18 14 8 11 14 8 16 5 8 18 17 1 17 14 8 11 14 8 16 5 8 18 15 1 16 1 13 61 25 21 25 8 22 3 8 23 8 1 16 1 7 38

2. 3 1 15 38 25-20 16 26 1 13 38 17-15 1 13 6 38 24 38 11 21 17 36 23 8 17 8 24,3 1 15 38 25-20 16 10 1 18 18 38 19 14 27 13 36.

3. 3 1 15 38 25 14 21 3 8 16 8 14 24 12 42 15 25 38 . 20 18 38 28 24 25 1 26 6 1 25 38 23 38 24 15 1 18 24 1 13 38 18 15 20 16 7 1 18 24 38 23 6 12 3 8 23 8 7 36 .3 36 23 1 15 8 5 8 23 24 36 11 11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36 3 1 24 15 1 18 2 23 24 8 16 8 23 5 8 1 26 7 1 23 24 1 19 38 11,20 16 21 11 36 14 8 16 8 7 36 7 8 , 10 2 13 6 1 18 1 12 38 6 38 19 38 11 6 1 15 20 18 1 7 38.

6. «Сандар сөйлейді»

Туған жылы, айы, күні арқылы жеке тұлғаның өзіне ғана тән мінез, мақсатқа ұмтылыс, күш жігер сынды қабілеттерін анықтауға көмектеседі және өзіңіз білмейтін құпияларыңызды ашады.

Сіздерге айтарым, уақыт өлшеулі, сол себепті алтын уақыттарыңызды ысырап етуден аулақ болыңыз! Мен сіздерге тек сәттілік тілеймін! Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға, - деген әдемі өлең шумақтарымен бүгінгі тренингімді аяқтаймын. Армандарың – асқақ, мақсаттарың – айқын болсын! 





Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023

iconРеспубликалық "Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023" байқауының аудандық кезеңінің ІІІ орын жеңімпазы - Дулатов Рысбек. "Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023" байқауының аудандық кезеңінде "Креативті педагог" номинациясының иегері. Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!  ...

"Үздік өзін-өзі тану мұғалімі" байқауынан жүлделі орындар

iconЫбырай Алтынсарин атамыздың "Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі"-деген нақыл сөзін алдына мақсат етіп қойған, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құлханова Жұпар  Төремұратқызы  Республикалық "Үз...

«Жас жалын - 2018» аудандық жастар сыйлығы биыл екінші рет аталып өтуде

icon10.01 күні дәстүрге айналған «Жас жалын - 2018» аудандық жастар сыйлығы биыл екінші рет аталып өтуде. Салтанатты іс-шараға аудан атқа мінерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, мен белсенді жастар қатысты. Айтулы мерекені «Жантөрин» атындағы облыстық драма...

«Арманым - асқақ, мақсатым-айқын» тренингі

icon  Амен Жайна Бақытқызы Мектеп психологі Тақырыбы: «Арманым - асқақ, мақсатым - айқын» тренингі Мақсаты: өз мүмкіндіктері мен уақытты адекватты бағалау, мәселелерді шешуде өзінің ерік-жігерін талдау дағдыларын дамыту, қақтығыстық мінез-құлықтың алдын алу, өз тұлғалық ер...

Бейметалдар мен металдар арасындағы байланыс

icon  Тугелова Әсембибі химия пәнінің мұғалімі Химия 9 сынып Маған айтып берсең-ұмытып қалармын Көрсетіп берсең –есте сақтармын Өзіме жасатсаң - үйреніп аламын Шығыс нақылы Сабақтың тақырыбы Бейметалдар мен металдар арасындағы байланыс уақыты Оқып-үйренуд...

О.О.Сулейменов. «Волчата»

icon Умарбаева Гульнара Онгаровна учитель русского языка и литературы Литературное чтение. 8 - класс Тема: О.О.Сулейменов. «Волчата». Цели урока: познакомить с жизнью и творчеством поэта; раскрыть нравственный смысл произведения; совершенствовать навык выразительного чтен...

С.Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі

icon  Аты-жөні: Тулесова Дидар Куанышевна Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 6-сынып Оқушы саны: 15 Қатысқаны: 15 Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі. Сабақтың мақсаты: Сайын Мұратбековтың өмірімен таныстыру, «Қылау» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, өз ой...

Шетелдегі қазақтар

icon  Пәні: Қазақстан тарихы Күні: Сынып: 8 Мектеп: 5 Мұғалімнің аты-жөні: Нурсолтанова Ақмарал Алыбаевна Қатысқандар: 18 Қатыспағандар: - Тақырыбы: Шетелдегі қазақтар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Шетелдегі қазақтар туралы жалпы мәлім...

Электр

icon  Абдуллаева Қарлығаш Қарабатырқызы Бастауыш сынып мұғалімі Жаратылыстану 1- сынып САБАҚ: Жаратылыстану ТАҚЫРЫБЫ: Электр МЕКТЕП: №5 орта мектебі КҮНІ: 10.03.2017 МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Абдуллаева Карылгаш Карабатыровна СЫНЫП: 1 «Б» ҚАТЫС...

Мен не үйрендім?

icon  Усжанова Айгүл Қуанбекқызы Бастауыш сынып мұғалімі Сауат ашу 1-сынып САБАҚ: Сауат ашу ТАҚЫРЫБЫ: Мен не үйрендім? «Өзім туралы»тақырыбы бойынша МЕКТЕП: №5 орта мектебі КҮНІ: 10.03.2017 МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Усжанова Айгул Куанбековна СЫНЫ...

Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық әйелдер" мерекесі

8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Нұрмағанбетова Аманбибі апайды "Халықаралық әйелдер" м ...

07 наурыз 2024
"Алтын доп"

ЖЕТІСТІКТЕР Баскетболдан "Алтын доп" республикалық "Ұлттық мектеп лига» жарысының, аудандық кез ...

20 ақпан 2024
ЖЕТІСТІКТЕР

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі: "Айтып өткен ақында ...

10 ақпан 2024
"Абайтану"

Мектеп қоржынына +1 жетістік . 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VІ "Абайтану" олимпиадас ...

09 ақпан 2024
«Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп»

Волейболдан 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында республикалық «Ұлттық мектеп лига-Шұбар доп» жары ...

08 ақпан 2024
12